Каржы сауда лексикасы соңғы

307 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Бостандық / Азаттық / Еркіндік / Дербестік = свобода/ независимость. Тәуелсіздік деген терминнің өзі біздікі емес болғаны, қазақ халқының ежелден бері еркін, азат ел болғанын көрсетеді. Тек соңғы кездерде ғана Ресей патшалығына өтіп, одан кейін Алаш қайраткерлердің еңбегімен Советтің құрамындағы жеке ел ретінде статусты алдық. Қазақ ССР деген Республика статусы және Егемендік туралы декларация Тәуелсіздікті жариялауға құқық берді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазіргі туыстас тілдерде де тәуелсіздікті білдіретін терминдер әртүрлі үлгіде жасалған: Қырғыз тілінде Көзкарансыздык «біреуге күнін қарамағандық, бағынбаушылық» Өзбек тілінде Mustaqillik (арабша «бағынбаушылық» мағынасындағы истиклал сөзінен) Азербайжан тілінде Мüstəqillik Түрік тілінде Bağımsızlık (сөзбе-сөз аудармасы: «байлаулы еместік») Түрікмен тілінде Garaşsyzlyk («жалтақтаусыздық») Башқұрт тілінде Бойондороҡһоҙлоҡ («мойынтұрықсыздық») Татар тілінде Бәйсезлек («жіпке тағылмағандық, байлаулы еместік») Ескерту: мұндағы жақша ішіндегі аудармалар шартты, сөзбе- сөз берілген, барлық терминдердің мағынасы «тәуелсіздік» дегенге келеді. Қазақ тілінде тәуелсіздік сөзінен басқа осы мағынаға жақын төл сөздеріміз жоқ па? Бар , бірақ олар тәуелсіздік деген жаңа термин қолданысқа еніп, актив сөзге айналғаннан кейін мағыналық жағынан ұқсас басқа ұғымдар орнына қолданыла бастаған сияқты, салыстырыңыз: Егемендік / Бостандық / Азаттық / Еркіндік, Дербестік ... Егемен термині «ие» мағынасындағы еге сөзінен келген, «осы жерге мен иемін, мен қожайынмын» дегендей мән бар болғанмен оның тарихы қызық. Егемен сөзі туралы ғалымның пікірі төмендегідей: «Осы күнге дейін «бұл сөз қайдан шыққан, қазақта мұндай сөз жоқ!?» деген наразылық айтылып келеді. Ал шын мәнісінде, бұл

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==