Каржы сауда лексикасы соңғы
306 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК МАҒЫНАСЫНДАҒЫ СӨЗДЕР Тәуелсіздік күні өте маңызды мемлекеттік мереке. Осы құтты күнге жету үшін қаншама қыршын жан берілді, күрес жасалды, парасаттылық пен даналық көрсетілді. Тәуелсіздік бізге аспаннан түскен жоқ әрі ешкім сыйға тартпады. Мұнда сақ, ғұн, түркі, қыпшақтан тараған, жарты әлемді өзіне бағындырған ұлы қағанаттар мен Алтын, Көк, Ақ Ордалар құрылған. Қазақ хандығының жалауын көтеріп, осыбақыттыкүнге жеткізген ұлыдала ұландарыөмір сүрген. Олар кең байтақ жерді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, дара даналықпен, пайымды парасаттылықпен, дипломатиялық көрегенділікпен сақтап бізге сыйлады. Ең алдымен сол үшін бабаларымызға қарыздармыз. Сондықтан болар Тәуелсіздік күнінде ұлан-асыр той болмай, «Не көрсем де Алаш үшін көргенім / Маған атақ ұлтым үшін өлгенім. Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркейер / Істей берсін қолдарынан келгенін», деп азаттық жолында жанын құрбан еткен, бізді бақытты күнге жеткізген ел ерендері еске алынып жатады. Бір жылдан бері Республика күніне ұлттық статус беріліп, осы күні үлкен іс-шаралар өткізілсе, Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде осындай бағыт ала бастаған сыңайлы. Оған да негіз жоқ емес, Егемендік Тәуелсіздіктің алғышарты еді. Тәуелсіздік деген сөзді жиі айтамыз, бірақ оның айтылуы неге қиындау? Сол үшін оның этимологиясын анықтап көрейік. Біріншіден, Тәуелсіздік араб тіліндегі «басқару» мағынасындағы توالي тaуaлла деген сөзден шыққан. Екіншіден, Тәуелсіздік орыс тіліндегі независимость деген сөзден аударылған: зависимость = тәуелдік, не зависимость = тәуел+ сіз дік. Бірақ независимость термині де ағылшынша in dependenсе сөзінен алынған: dependence = тәуелдік (зависимость) + in = болымсыздық префиксі (приставка отрицания). Сонда қазақ тілінде тәуелсіздік мағынасына жақын өзіміздің сөздеріміз жоқ па? Бар , бірақ олар мағыналық жағынан өзгеріп кетті: Егемендік = суверенитет. Егемен = суверенный.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==