Каржы сауда лексикасы соңғы
312 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ екеуі бұрын бір мағынадағы қос сөздер болса керек. Сонда ер- жетті күрделі сөзі қыз немесе ұл деп ажыратпай бұрын «жетілді, өсті, кәмелет жасына келді» дегенді білдірген сияқты. Ал Азаттық термині парсыша азат сөзіне қазақтың жұрнағы жалғану арқылы жасалған. Еркін, тәуелсіз ұғымына жақын тағы басқа сөздер бар ма? Айтпақшы, қазақ сөзі де «еркін, азат, тәуелсіз, біреуге бағынбайтын» мағынасында емес пе? Қазақ хандығы құрылған кезеңге дейін қазақ сөзі осы мағынада қолданылып, еркіндікке ұмтылған ұлы даланың түркі тектес тайпаларын осы атау біріктірді. Кейін қазақ хандық, ұлы ұлт атауы ретінде әбден қалыптасып, оның сын есім ретінде қолданысы ұмытылып кетті. Қазақ хандығынан екі ғасырға жуық ертерек кезеңде жазылған Мәмлүк қыпшақ арабша сөздігінде қазақ сөзінің бойдақ деген мағынасы тіркелген, қазіргі татар, чуваш тілдерінде оның сол мағынасы әлі де сақталған. Ал біз білетін «Еркін, қайсар, жауынгер, сарбаз» мағыналары XV-XVIII ғасырлардағы ескерткіштерде жазыла бастады. «Елден бөлініп кеткен, енші алған, жеке шыққан» деген мағынасы да жоқ емес. Сол мәні қазіргі қарашай-малқар тілінде айтылады. Бұл тілде қазақ бөрү қолданысы «үйірден бөлек кеткен қасқыр» дегенді білдіреді. Туысқан немесе көрші тайпалар өз хандықтарынан «қазақ шығып» бөлініп шыққан елге басында қазақ (енші алып, жеке ел боп бөлінген) деп атап, ол атау тұтас халық атына өзгерген болуы мүмкін емес пе? Тарихтан білетініміздей, халық атауын елдің өзі қоймайды оған ол атауды көрші елдері, жаулары, туыс халықтары қояды. Қазақ сөзінің ең қызық мағынасы түрік тілінде сақталған. Түріктер біреу алдында мойын имейтін, әсіресе әйеліне сөз өткізе алатын ер адамды «қазақ еркек» деп айтып жатады. Бұдан шығатын қорытынды, еркін, азат, тәуелсіз, егемен деген ұғымдардың бәрі қазақ атауымен егіз, бір, пара-пар, бәрі мағына жағынан жақын сөздер. Сонда қазақты еркіндіксіз елестету мүмкін емес деген сөз. Қазақ бір қоныста тұрмайды, көшеді, біреуге күні қарамайды, өз күнін өзі көреді, жалданбайды, құл болмайды, тіпті оны ұстамайды.... Сондықтан қазақ пен еркіндік екеуі ажырамайтын тең ұғым.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==