Каржы сауда лексикасы соңғы

300 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ тілдерінің көбіндегі «айлық, төлем» деген үш мағыналары бір-біріне жақын, яғни үш мағынасының да бір сөзбен байланысты екені анық (бірақ жылқы жалы дегендегі «жал» басқа омонимдес сөз). Бұған семантикалық дәлел ретінде алапа сөзінің Осман тілінде «жем; тамақ, әскер асы» мағынасында жұмсалуымен бірге, қазақ тілінде «олжа», Кавказдағы қыпшақ тілдерінде «айлық» мағыналарында қолданылуын айтсақ болады (қараңыз: алапа сөзі мақаласына). Жалақы «(экон.) Қызметкердің белгілі бір уақыт кезеңінде алатын ақшалай төлемдерінің жиынтығы, айлық» Жалақыдан ұстау (экон.) «Қызметкерге тиесілі қаражаттан әкімшіліктің өкімімен немесе фирманың «Еңбекке ақы төлеу ережелеріне» сай белгілі бір ақы сомасын шегеріп қалу». Жалақықоры (экон.) «Белгілі біруақыт кезеңіндеқызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу үшін қарастырылатын ақшалай қаражаттың жалпы сомасы» (ҚӘТС V 625). Бұл туынды тұлға о баста «төлем» мағынасындағы жал және ақы сөздерінің қосылуынан жасалған болса керек, қазақ тілінде төлемақы формасының дәлме-дал баламасы деп білеміз. Сөзіміздің дәлелі бұл қолданыс қарақалпақ тілінде сөз тіркесі түрінде бөлек жазылады: жал хақы . Қарақалпақ т. жал хақы «айлық, жалақы» (КкРС 217). Түркі тілдерінде жалақы сөзі кездеспесе де айлық, еңбек ақы, іс ақысы, мааш терминдері қолданылады, мысалы: Қырғыз тілі – айлык, эмгек акы Өзбек тілі – маош, иш ҳақи Ұйғыр тілі – мааш, иш хаққи Түрік тілі – maaş, ücret, aylık Әзербайжан тілі – maaş, əməkhaqqı Түрікмен тілі – maaş, iş haky Татар тілі – эш хакы Башқұрт тілі – эш хаҡı Ноғай тілі – айлык, эмгек акы Құмық тілі – айлык, эмек хакы Чуваш тілі – хăвăр тĕрĕ Якут (саха) тілі – салгын (еңбек ақы, төлем мағынасында).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==