Каржы сауда лексикасы соңғы

299 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ булһа зур теләк эштән ял таба йөрәк «Егер алда үлкен тілек болса, жүрек еңбектен де тыныс табады» (мақал); Батырға да ял керек «Батырға да тынығу керек» (БТҺ II 784; БРС 718); қарашай-балқар т. жал «жалақы, ақы, айлық»: Байны көзү малда, жарлыны көзү жалда (мақал) «Байдың көзі малда, жарлының көзі ақыда» (РКБС 186); құмық т. ял (ист.) «жалдама, жал»; ялға бериу «жалға беру»; ялға тутулмақ «жалдану»; ял «демалыс, тынығу, үзіліс»: яллық бермей «тыныштық бермеу, мазасын алу»; яллығы йоқ «шаршауды білмейді, тыным таппайды» (КумРС 369); қырғыз т. жал (актив емес) «төлем, ақы, айлық, сыйақы; жалға беру ақысы»: жалға бер «ақысына жалға беру»; жал күчү «ақыға істейтін жұмысшы» (КРС I 219); қарақалпақ т. жал: жал хақы «айлық, жалақы» (КкРС 217); ноғай т. ял «аялдау, тынығу, үзіліс, демалыс» (НРС 459); қарайым т. йал «сыйақы; марапат; айлық, жалақы»: йал алдын мы «жалақы алдың ба»; йалсыз «тегін» (КРПС 220). Түрік т. yal «ұн мен кебекті араластырып жасаған жем» (DS XI 4131). Алтай т. дал «ақы, төлем» (АРС 178); хакас т. чал «жалдама» (ХРС 308); шор т. чал «жалдама; төлем» (ШРС 60; Радлов III 1875). Қарлұқ тілдерінде йал түбірінен өрбіген туынды тұлғалар ғана қолданылады, мәселен: Ұйғыр т. йалланма «жалдама»: йалланма аскер «жалдама әскер»; йаллимақ «жалдау» (YUTS 456); өзбек т. йолламоқ «жалдау»; йолланма «жалдама» (УРС 138). Бұл орта ғасыр жазба мұрарынан тек қыпшақ жәдігерлерінде кездеседі (қазіргі түркі тілдерінде де негізінен қыпшақ тобында қолданылады): Мәмлүк қыпшақ жазба жәдігері Иршадүл мүлікте йал (қазақ тіліндегі жалға сөзі секілді йалға бар, йалға тут деген тіркестер түрінде кездеседі) «төлем, ақы» (Toparlı 1992: 324); Тержуман ажемиде йал «мал жемі» (KıpTS 307; Кодекс куманикус пен Иршадүл мүлікте йал сөзінен шыққан йалчы «ақшаға жұмыс істейтін кісі, жалшы» (Grönbech 1992: 216; KıpTS 307) тұлғасы қолданылған. Будаговтың берген дерегі бойынша ял сөзі Шағатай мұраларында «ақы, төлем» (Будагов II 337) мағынасында қолданылған. Қорыта келгенде, жал сөзі орта ғасырларда қолданылған «жем; жұмысшы асы» мағынасы мен татар тілінде «демалыс» және қыпшақ

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==