Каржы сауда лексикасы соңғы
298 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Жал «жалақы, еңбекақы, айлық, төлем, жалдама ақысы, жұмысы үшін төленетін төлем». Жал сөзі «еңбекақы» мағынасында қазақ говорларында сақталған: Жал (Тау., Қош.) «жалақы, еңбекақы»: Сен маған баяғыдағы жалымды бер (Тау., Қош.) (ҚТАС 228). Көркем шығармаларда да «ақы» мәнінде жұмсалады, мәселен: Жал төледі «Пайдаланғаны үшін ақша төледі»: Рәзия бұларға айына отыз жал төлейді екен (Ә.Тарази, Тас жарған) (ҚӘТС V 622). Қазақ әдеби тілі сөздігінде көбіне «жалға беру, жалға алу» тіркесі түрінде ғана айтылатын жеке түбір болып қолданылмайтын жал сөзі жеке анықталып түсіндірме берілген: Жал (экон.) «ақы алу үшін жалданып істейтін уақытша жұмыс; жалдама; келісілген ақша үшін уақытша пайдалануға берілген орын; (жерг.); жалақы, еңбекақы» (ҚӘТС V 621). Жал сөзінен қазақ тілінде жалақы, жалға алу , т.б. экономикалық атаулар мен сөз тіркестері қалыптасқан: Жалақы (экон.) «жұмысы үшін төленетін төлем, ақы, айлық». Жалға алу (экон.) «Тұрмыста пайдаланатын дүние-мүлікті уақытша пайдалануға алатын меншікті жалға алу шарттарының бірі» (Қаз. тілі термин. Экономика)». Жалға алушы (экон.) «Жалға берілетін белгілі бір обьектіні уақытша иеленуге және пайдалануға алатын заңи немесе жеке тұлға (Қаз. тілі термин. Экономика). Жалға беру (экон.) «шарт бойынша жерді, үйді, қазба байлықты, кәсіпорындарды уақытша пайдалануға беру» (ҚӘТС V 621; 625). Қазақ тіліндегі жалға алу, жалшы, жалақы деген күрделі сөздердің барлығы «төлем, ақы» мағынасындағы жал түбірімен байланысты, мәселен жалға алу деген тіркес сөзбен сөз аударар болсақ «ақыға, төлеміне алу» дегеннен туындаған. Жалшы да «ақыға, төлемге істеуші» деген мәннен ауысқан. Йал (жал) сөзі көне түркі мұраларында кездеспесе де, түркі тілдерінде бір-біріне жақын түрлі мағыналарында айтылады: Татар т. ял «ақы, төлем; демалыс, еңбек демалысы, үзіліс, демалыс күн (жексенбі)» Батырға да ял кирәк (мақал) «Батыр да тынығу керек» (ТРС 1174); қырым татар т. ял «демалыс, тынығу» (КТРС 628); башқұрт т. ял «төлем, ақы; демалыс, тынығу уақыты»: Алда
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==