Каржы сауда лексикасы соңғы

297 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Өзбек тілінде мойона (УРС) деп айтылады. Тәжікше мохи-ай және она түлғаларының бірігуінен жасалған деп айтылады (Ю. Абд., КД. 139) (ҚТАС). Нарық «Заттың кесімді бағасы, құны»: Нарықнама «Заттың бағалары жазылган қағаз; калькуляция. Нарықсыз «Заттың нарқы жоқ; құнсыз, бағасыз. Нарықсыздық «Құнсыздық, зат бағасының арзандауы, баға­ сыздық. Нарықтау «Заттың құнын белгілеу, бағалау» Нарықты «құнды, бағалы» (ҚТТС 613). Үйдегі көңілді базардағы нарық бұзар (мақал). Нарық І. Сатылатын заттардың тұрақты кұнын білдіретін баға ретінде қолданылатын қазақтың байырғы сөзі. Бұлғын терісі өте жоғары нарықпен бағаланады (Ж.Кенжебаев.Орман). Базар нарқынан артық сұрамайтын (С.Бегалин.Замана). Алайда бұл сөздің ауыспалы мағынасы да жоқ емес. Ол «парық қадір, қасиет» (Түсіндірме сөздік, 1973). Шіркін дүние-ай! Бір үйдің төресі де өзім болып, ештеңенің нарқын білмедім-ау! (К.Асанов, Сағыныш). Алды көктем, жігіттің арты жаз боп, Асыл енге көрінбес нарқың аз боп (Ғ.Қайырбеков, Қанатты). (М.Ә.Қараев.1993.426.). «Үйдегі сауданы базардағы нарық бұзар» (Мақал). «Нарыққа көнбеген – парыққа көнбес». Нарық сөзі парсыша «баға» мағынасындағы خرن нәрх/нирх сөзімен байланысты (Оңдасынов 1974: 268). Нарық сөзі қазіргі түркі тілдерінен оғыз бен қарлұқшада кең таралғанмен, қыпшақ тілдерінен тек қырғыз бен қарақалпақшада айтылады: Қарақалпақ т. нырқ «баға»: Қырыққа келсе де нырыққа келмеген (мәтел) (КкРС 485); қырғыз т. нарк «баға» Үйдөгү ойды базардағы нарк бузат «Үйдегі ойды базардағы нарық бұзады» (мақал) (КРС I 53). Ұйғыр т. нерх «баға» (YUTS 288); өзбек т. нарх «сол мағ.» (УРС 288). Түрік т. narh «мемлекет белгілеген баға» (ТурРС 671); түрікмен т. нырх «баға»: Яманы гөрмедик, яғша нырх бермез «Жаманды көрмеген жақсыға баға бере алмас» (ТРС 476).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==