Каржы сауда лексикасы соңғы

296 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ тілден бізге қайтып «құн» деген формада кері айналып келген деп пайымдаймыз. Май (МХР) «ақы, жалақы»: Майын төлеп алған мәшініміз ғой. Екі бөлмелі үй майлап алдым (МХР) (ҚТАС 469). Қытай қазақтарында осы түбірден өрбіген майлау етістігі «үйді жалға алу» дегенді де білдіреді. Аймақты сөздікте майлау етістігі Жамбыл облысыжәнеМоңғолия қазақтарында қолданылады деп тіркелген: Майлау (Жамб., Шу; Монғ.) «жалдау»: Бір арбаны майлап алдым (Жамб., Шу) Синонимдер сөздігінде майлау етістігі «жалдау» деп көрсетіліп Ілиястың өлеңінен мысал келтірілген: Қора жалап Бекей жүр / Өзгелерден бүйірсіп Ат майлап мініп әлі жүр / Мал тапқыш, асқан ұрысып (І.Жансүгіров). Май сөзінен говорларда сақталған майана (жасалуы тойана «тойға апаратын сый ақшасы») «жалақы, төлем» туынды сөзі жасалған секілді: Маяна (Жамб.: Шу, Сыр., Мер.; Өзб., Ташк.) «жалақы, айлық»: Маянаң қанча, балам? Ілгергі кезде қарағат (қ.) бойынша салынатын салықтың төрт сомын үкіметке береді де, үш сомын маянаға тарататын (Жамб., Шу). Маяна жеу (Шымк., Сарыағ .) «жалақы алу»: Ол ауданда істейді, маяна жейді (Шымк., Сарыағ.). Қазақ әдеби тілінің сөздігінде маяна көне деп анықталған да бірнеше мысал берілген: Маяна (зат. көне.) «Еңбекақы, жалақы, төлем»: Маянасы бес алтын, мұндай қалың ақшаны, сарбаздар қайдан алады («ТУГ»). Мұнан бұрынғылар әскерге өз еркімен жазылып қазынадан маяна (төлем) алатын болған. (Қ.Халиди, Тауарих.). (ҚӘТС 11-том). Жамшиттен маяна жеп өлгенінше, әр түрлі аярлықты жаяр еді («Рүстем-дастан»).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==