Каржы сауда лексикасы соңғы

295 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ кісі үшін төленетін төлем» деген мағынада өзгеріп келгенін айтады (Оңдасынова, 1974: 123). Солай айтылса да ол – «қан» мағынасындағы өзіміздің көне құн деген сөзіміз болуы ғажап емес. Мәселен парсы тілінің ықпалы байқалмайтын сары ұйғыр тілі сөздігіде хұн-қан қос сөзі тіркелген. Сонда құн мен қан екеуі түбі бір сөз болса керек. Қан сөзі бұрынғы уақытта иран тіліне кіріп, сосын құн болып өзгеріп, бізге қайтып кіргенге ұқсайды. Қазіргі түркі тілдерінің біразында алғашқы мағынасы қолданылса, кейбір қыпшақ тілдерінде (қазақ, қырғыз, қарақалпақ, башқұрт тілдерінде ғана) ауыспалы «баға» мағынасында да айтылады: Түрікмен т. хун «өлтіргені үшін алынатын құн; өлім үшін алынатын өш, кек» (TTS 357); түрік т. hun (арх.) «қан; қылмыс; қан кегі» (ТурРС 414). Ұйғыр т. хун «қан» (YUTS 168); өзбек т. хун «қан; қан құны, қан кегі» (УРС 540). Қарақалпақ т. қун (экон.) «құн, баға» (КкРС 410) Қырғыз т. қун «құн, төленетін айып, кек; (ауыс.) баға, құн»: Жигиттин куну жүз жылқы, ары миң жылқы (мақал); Эрдин куну нардын булу эмес (мақал) «Ердің құны нардың пұлы емес» (КРС 445). Татар тілінде диалект және көнерген сөз болып сақталған, татарша-орысша сөздікте бұл сөз «толк» деп аударылған: Татар т. қон (уст. диал.) «толк»: Адәм дисәң қоны юк, хайван дисәң йоны юк (погов.) «Человеком назвать – нет в нём толку, животным назвать нет на нём шерсти» (ТатРС 450). Башқұртшаның түсіндірме сөздігінде қон историзм делініп, үш мағынасы келтірілген: Башқұрт т. қон «қан құны, айыбы; өш; кек; төлем, құн»: Аттың қоно тауза һынала, егеттең қоно яуза һынала «Аттың құны тауда сыналар, жігіттің құны жауда сыналар» (БТҺ I 675). Сайып келгенде құн сөзінің бірінші әрі көне мағынасы «қан», екінші мағынасы «ер адам құны», үшіншісі әрі ең жаңа семантикасы «баға». Бізде соңғы мағынасы белсенді жұмсалып, бұрынғы «қан, ер адамның өлімі үшін құн» секілді мағыналары историзмге айналып ұмытыла бастады. Бастапқыда иран тіліне «қан» болып кіріп, сол

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==