Каржы сауда лексикасы соңғы

294 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ экономикалық мағынада қолданылады. Экономикалық термин ретінде қосымша құн, айырбас құн, тұтыну құны, кредит кұны, құны түсті, құнды қағаз, құнсыз, құнсыздану , т.б. мысалдарда айтылады. Күнделікті өмірде құны жоқ немесе құны бес тиін деп те жиі айтады. Бұлардың бәрі құн терминінің негізгі мағыналары сияқты көрінгенмен, оның алғашқы семантикасы емес. Сонымен «құн» сөзінің ең алғашқы мағынасы қандай болған? Соны анықтап көрейік. Құн сөзі бұрын сөзбе-сөз «кісі қаны үшін төлем» дегенді білдірген. Тіпті Қазақ хандығы заманында ердің құны – жүз жылқы болатын, яғни ер адамды өлтіріп қойғаны үшін жүз жылқы төленетін. Сол үшін бұрыннан: «Ердің құны – жүз жылқы, ары – мың жылқы» деген сөз қалған. Құн атауының этимологиясын Б. Ақшалова монғол тіліндегі «адам» мағынасындағы хүн сөзі деп айтады. Сөйтіп қазақ тіліндегі құн (ердің құны) сөзі «адам» деген ұғымды білдіріп тұр деп жазады: «Қазіргі қазақ тілінде экономика термині ретінде қолданылатын «құн» сөзінің орыс тіліндегі баламасы – стоимость. Бұл сөз қазақ халқының сөздік қорында өте ерте кездерден қолданылады. Осы сөз Октябрь революциясынан бұрын «адамның төлеуіне берілетін мал- мүлік» дегенді білдіретін атау ретінде қолданылған. Осы сөздің төркінін қарасақ, монғол тілінде хүн – адам деген мағынада қолданылады. Сөйтіп, қазақ тіліндегі «құн» сөзі адам деген ұғымда болған. Өйткені, ерте кезде өлтірілген адамның құнына не адам алып, не адам өлтіреді екен; «қанға қан; қанды қанмен жуады» деген мәтелдер содан қалған. Сондықтан, бұл сөзді қазақ халқы өзінің тікелей көршісі монғолдан ауысқан болуы ықтимал. Міне, бұл сөз бұрын «адамның төлеуі» деген мағынада қолданылып, адам деген ұғымды ғана білдірсе, қазір саяси экономикалық терминге айналған». Бізше моңғол тіліндегі хүн ұғымы түркі тілдеріндегі «ел, халық» мағынасындағы күн сөзімен түбірлес. Яғни, біздегі ел-күн қос сөзіндегі күн мен моңғолшадағы хүн бір-бірімен байланысты. Бірақ оның құн сөзіне қатысы жоқ болса керек. Онымен қоса бірі жуан, екіншісі жіңішке сөз. Иран тілінен өткен кірме атауларды зерттеген Н. Оңдасынов парсыша «қан» мағынасындағы хун сөзі қазақ тіліне құн «өлтірілген

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==