Каржы сауда лексикасы соңғы
293 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «ТӨЛЕМ» МАҒЫНАСЫНАҒЫ ТЕРМИНДЕР Баға «Заттың құны, нарқы» (ҚТТС 95). Баға жетпес «өте құнды, теңдесі жоқ». Бағасы түсті «бағасы төмендеді». Баға кесті «баға қойды, баға белгіледі». Бағалау «Белгілі бір затқа, нәрсеге қойылатын нарық». Бағалы «Бағасы қымбат, нарқы жоғары (ҚТТС 95). Баға сөзі түбі парсынікі болса да, түркі ескерткіштерінде Қарахан дәуірінен бері қолданылып келеді: Қарахан, дәуірі мұралары Ақиқат сыйы мен Диуани хикметте баһа «баға» (Üşenmez 2006: 145) Қыпшақ жазба жәдігерлерінде баһа «баға» (KıpTS 22). Қазіргі түркі тілдерінде де кең таралған, тіпті Сібір түркі тілдерінің кейбірінде де айтылады: Хакас т. паа «баға» (ХРС 138); шор т. паа «сол мағ.» (ШРС 38); алтай баа «сол мағ.» (АРС 96). Қарақалпақ т. баха «баға»: Сөйлемесең не етеди, сөйлесең бахаң кетеди (мәтел) (КкРС 93); ноғай т. баа «баға» (НРС 64); қырғыз т. баа «баға» (КРС I 89); татар т. бәя «баға» (ТатРС 138); башқұрт т. баһа «сол мағ.»: Уқ баһаһы атылған һуң, һүз баһаһы әйтелгәндән һуң «Оғ бағасы атылған соң, сөз бағасы айтылған соң» (БТҺ I 124); құмық т. баға «баға, құн» (КумРС 40); қарайым т. паһа «баға» (КРПС 447) Ұйғыр т. баһа «баға» (YUTS 28); өзбек т. бахо «сол мағ.» (УРС 44). Гагауз т. паа «баға» (ГРМС 357); түрік т. paha «баға»: Pahada ağır, yükte hafif (мақал) «Бағада қымбат, жүкте (салмағы) жеңіл»; Ucuzlukta alır, pahalılıkta satar «Арзан кезде алар, қымбатшылықта сатар»; Aş taştı, kepçenin pahası sorulmaz «Ас тасып кетті, енді шөміштің бағасын сұрау қажет емес» (ТурРС 709); түрікмен т. баха «баға» (ТРС 78). Құн «тауарға сіңген қоғамдық еңбекті көрсететін экономикалық категория; белгілі бір затқа тән баға, нарық; ақы». «Құн» сөзі қазір көбіне «баға, бірнәрсенің ақшаға шаққандағы бағасы немесе бір нәрсеге жұмсалған шығын шамасы» деген
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==