Каржы сауда лексикасы соңғы

291 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Биргу «Қашқари сөздігінде қарыз, берешек (қазақша бергі болу керек)»: Аnın mana bir at birgüsü bar «Оның маған бір жылқы қарызы бар» (Ercilasun, Akkoyunlu 2015:185). Орта ғасыр түркі сөздіктерінде алғы-берги «алыс-беріс есебі» (А. Бор. Бадаи..., 70). Қырым татар т. берги «салық» (КТРС 331). Кейбір түркі тілдерінде қос сөз құрамында сақталған: Қарақалпақ т. алғы-берги «өзара алыс-беріс» (КкРС 37). Ұйғыр т. алғу-бергү «алыс-беріс» (YUTS 9). Түрікмен т. алғы-берги «аласы мен бересі» (ТРС 40). Бирим «берешек, берім, қарыз». Құтты білікте кездеседі: Birimdin bahıl elgi ked berklig ol «Сараңның қолы беру түгіл тым қатты» (Arat 1992: 92). Құтты білікте берим деген нұсқасы қос сөзде сақталған: Алым-берим: Алымқа беримке оңай болса өз «алым мен берімде өзі әділ болса» (ДТС 38). Әдеби тілде берім сөзі жеке қолданылмаса да алым-берім қос сөзінде айтылады. Қырғыз тілінде де солай алым-берим қос сөзі болып жұмсалады. Көне түркіде берімге ұқсас birgü термині «берілген нәрсе, қарыз, сыйлық» деген мағынада дамыған. Биримчи/Биримлиг «берермен, борышқор, қарыз өтеуші». Көне түркі бирим сөзіне жұрнақ жалғанып, жаңа мағынадағы сөздер жасалған. Диуани лұғатит түркте: Аlımlıg birimligdin üzlüşdi «Аларман берерменнен ұзады» (Ercilasun, Akkoyunlu 2015:111). Бұндай тұлғада түркі тілдерінде термин кездеспесе де, түркі тілдер топтарының барлығында беруші тұлғасы жиі жұмсалады. Өтнү/Өтүнч «қарыз» Орхон жазба мұраларында: Ben özüm bilge Toñukuk ötüntik ötünçimin işidü birti «Менің өзімнің ақылшым Білге Тоныкөк менің өтінішімді естіп, қабыл етті».

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==