Каржы сауда лексикасы соңғы
290 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ тұлғасы жеке сөз ретінде беріледі. Ал негізіне келіп талдар болсақ, оның жоғарыда айтқандай көне есімше қосымшасы екенін аңғарамыз. Қырғыз т. аласа «қарыз», аласалуу/аласачы «біреуден алажағы, ақшалай аласы қарызы бар адам» (КРС 46). Қарақалпақ т. аласы «ақшалай қарыз»; аласылы «қарыз беруші, қарыз берген адам» (КкРС 37). Башқұрт т. алаһы «аласы» (БРС 23). Өзбек т. оласи «аласы» (УРС 315). Ұйғыр т. алиши «аласы» (YUTS 10). Түрікмен т. алғы «қарыз, аласы»: алғыберги «аласы мен бересі» (ТРС 40). Бересі «берешек, қарыз». Бересілі «берешек, қарыздар, бережақ» (ҚТТС 127). Бересі сөзі де жоғарыда көрсетілгендей аласы сөзі сияқты беру етістік түбіріне көне әрі қазіргі күні өнімсіз «-асы» жұрнағы жалғануы арқылы жасалған. Кей түркі тілдерінде бұл жұрнақ актив жұмсалғаны үшін аласы, бересі деген тұлғалардың түбірі ажыратылып талданады. Қазақ тілінде ол қосымша белсенді жұмсалмағандықтан, аласы, бересі дегендер жеке сөз деп беріледі. Түрік тілінде вереси нұсқасында «қарыз» мағынасында жұмсалады: Verirsen veresiye, batarsın kara suya «Берсең қарызға, батарсың қара суға». Veresiye verenin kesesi boş kalır «Бересіге бергеннің әмияны бос қалар». Verme malını veresiye, akar gider kara suya «Берме малыңды қарызға, ақып кетер қара суға». Veresiye göbek atılmaz «Қарызға (несиеге) той тойлауға болмас». Veresiye şarap içen, iki kez sarhoş olur «Қарызға шарап ішкен екі есе мас болар». Татар т. бирәсе «бересі, берешек» (ТатРС 195). Башқұрт т. бирәһе «қарыз, бересі» (БашРС 210). Ноғай т. бересе «өзара көмек» (НРС 77). Қарақалпақ т. береси «қарыз», бересили «қарызы бар адам» (КкРС 101).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==