Каржы сауда лексикасы соңғы

289 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Ноғай және қарақалпақ тілдерінде қазақ тіліндегідей екі буынды және «ш» дыбысты формада қолданылады. Татарша мен башқұртшада да осы нұсқаға жақын (екі буынды) айтылады: Ноғай т. борыш «қарыз; міндет, парыз»: Борышлы өлмес, шерли өлер «Қарызды адам өлмес, шерлі адам өлер» (НРС 85); қарақалпақ т. борыш «қарыз» (КкРС 114); татар т. бурыч «қарыз; кредит»: Бурыч алу ‒ кол булу (мақал) «Қарыз алу ‒ құл болу»; Бурычын яшергән бөләр, чирен яшергән үләр «Қарызын жасырған бүлінер (бүлер), шерін жасырған өлер» (ТатРС 127); башқұрт т. бурыс «қарыз; кредит; мақсат» (БТҺ 176) Алмақ (Орал: Жымп., Чап.; Гур., Маңғ.) «аласы». Есенғалида қанша мәнет алмағым бар дедің? (Орал, Чап.). Қаташ дегенде алмақ ақшам бар еді, оны кездестіріп алмағымды сұрағанымда мені сөкті (Қ.ту). Менен алмағы бар еді... Сөйтіп, алмағы болса, алғаны жақсы... енді менен алмағын алсын да, бұ шіркін! (Ғ. Сл., Арм. ағ., 109). Олар шынында да, бұнда алмақтары бардай-ақ сұқтана қарайды екен (Ә. Кекіл., Құс қан., 202) (ҚТАС 56). Ертедегі жазба ескерткіштерінде алмақ алу (Аттухфа, 265). Аласы «біреуден алуға тиісті зат, бұйым, ақша; қарыз; алушы, аларман адам» (ҚТТС 39). Аласы қолданысы бес бересі алты аласы жоқ «ешбір қатынасы, байланысы, жақындығы жоқ» (ФС 47) тұрақты тіркесінде де айтылады: Қазақтың қайсысының бар санасы? Қылт етерде дап-дайын бір жаласы. Пысықтықтың белгісі – арыз беру, Жоқ тұрса бес бересі, алты аласы (Абай 1961: 89). Аласы деген қолданыс қазақ тілінде көбіне Бес бересі, алты аласы жоқ; Алты аласы, бес бересі жоқ; Аласыға алтау аз, бересіге бесеу көп (БС 67, 41) деген фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер құрамында айтылады. Бұл аласы формасы ал - деген етістік түбіріне көне «-асы» есімше жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Қазақ грамматикаларында «-асы» қосымшасы жеке көрсе­ тілмегендіктен, Қазақ әдеби тілі сөздігінде аласы (ҚӘTС I 374),

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==