Каржы сауда лексикасы соңғы
288 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Борышқор «біреуге қарыздар, берешек; (экон.) «белгілі бір бекітілмеген заңдар негізінде қимылдарды жасауды немесе одан бастартуды талап етуші несиегердің алдында міндеттеме алган тарап» (ҚӘТС III 496). Борышқордың тілде борышкер, борышқар, борыштар деген варианттары да бар. Түркі мұралары мен түркі тілдері деректеріне жүгінсек те, оның «қарыз» деген мағынасы бірінші болғанын байқаймыз. Бұл сөз ең ерте орта ғасыр он үшінші ғасырда қолданылған: Хорезм дәуірі Ортаазиялық тәпсір кітабында борч «қарыз» (Боровков 1963: 107). Мәмлүк қыпшақ жазба ескерткіштерінде борч «қарыз» (KıpTS 34). Мәмлүк жазбаларынан Әт түхфетүз зәкие атты ескерткіште қазақ тіліндегідей «ш»-лы борш (Atalay 1945: 155) деген нұсқада жазылған Шағатай жазба мұраларында борч/борж «қарыз» (Будагов I 275). Қазіргі түркі тілдерінің барлығында дердік бір буынды форма айтылып, қарыз мағынасы негізгі, ал «міндет» семасы ауыспалы болып жұмсалады: Қырғыз т. борч/боруч «қарыз; міндет»: Дыйкандын түбү кенч, соодагердин түбү борч «Диқанның түбі кеніш байлық, саудагердің түбі қарыз» (КРС I 148); құмық т. борч «қарыз; кредит; міндет»: Борчға ички ичген эки керен эсирер «Қарызға ішкен екі есе мас болар»; Борч таймайлы дерт таймас «Қарыз кетпей дерт кетпейді» (КумРС 62); қарашай-балқар т. борч «қарыз; міндет» (РКБС 157); қарайым т. борч/борц «қарыз; міндет; кінә, айып» (КПРС 131). Ұйғыр т. борч «қарыз; міндет» (YUTS 48); өзбек т. бурч (кітаб.) «сол мағ.» (УРС 83). Түрікмен т. борч «қарыз; міндет, борыш» (ТРС 111); гагауз т. борч «қарыз» (ГРМС 91); түрік т. borc «қарыз; міндет, парыз»: Borca içen iki kez sarhoş olur (мақал) «Қарызға ішкен екі есе мас болар»; Borc vermekle, yol yürümekle tükenir «Қарыз берумен, жол жүрумен бітер»; Borç alan dert alır «Қарыз алған уайым алар»; Arpacıya borç eden ahırını tez satar «Арпашыға қарыз берген қорасын тез сатар»; Alacakla borç ödenmez «Қарызға алған ақшамен басқа қарыз төленбейді»; Borçtan korkma alacaktan kork «Қарыздан қорықпа, алатын қарыздан қорық» (ТурРС 126); азербайжан т. борч «қарыз; міндет» (АзРС 55).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==