Каржы сауда лексикасы соңғы

287 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Борыш көркі төлеу (Орыс мақалы: Долг платежом красен) (Бөкейхан, Он төрт тоғыз бола ма? «Айқап», 1915. № 2). Борыш сөзі бұдан бөлек тіркес түрінде өзге де экономикалық мағыналарға ие болған, мәселен: Борыш мониторингі (экон.) «борыштың құралуы, өзгеруі, оның өтелуін қадағалау». Борышты аудару (экон.) «борышқордың өз борышын шарт бойынша басқа адамға аударуы арқылы міндеттемедегі адамдардың ауыстырылу процесі». Борышты өтеу (экон.) «қарызгердің алынған қарыз сомасын несиегерлермен жасалынған шарттарда көрсетілген тәртіппен қайтаруы». Біріктірілген борыш (қаржы) «борышқор мен несиегер арасында заң жүзінде негізделген борыш». Мемлекеттік ішкі борыш (қаржы). Сыртқы борыш (қаржы) (ҚӘТС III 495). Қазақ әдеби тілі сөздігінде борыштың «қарыз» деген мағынасы негізгі делініп, «міндет, парыз» болған мәні ауыспалы екені көрсетілген (ҚӘТС III 494). Шынымен де солай болғанмен әдеби тілде қазіргі кезде ауыспалы мағынасы актив болып жұмсалатыны көрінеді. Қазақ говорларында қос сөз түрінде де айтылады: Борыш-қарыш (Сем., Абай) «борыш қарыз, бересі»: Сенің борыш-қарызың бар ма? (Сем., Абай). Аймақтық сөздікте говорлық ерекшелік деп көрсетілгенімен бұл күрделі сөз сөздікте әдеби тілде қолданылады деп көрсетілген: Борыш-қарыш «Берешек, қарыз, бересінің жинақтық атауы»: Бұ мал қаншаға жетеді, келесі соғым, алым-шығын, киім-кешек, борыш-қарыштан несі қалады? Ол кетсе, мен шаруаны ұқсата алармынба? (ЖАймауытов, Шығ.) (ҚӘТС III 496). Борыш-қарыш тұлғасы әдеби тілдегі борыш-қарыз қос сөзінің фонетикалық варианты болса керек: Борыш-қарыз «қарыз, бересі» (ҚӘТС III 496). Аймақтық сөздікте борышқор деген тұлға диалект деп берілгенмен, бұл форма сөздікте жеке сөз ретінде келтірілген, тіпті жаңа экономикалық мағынасы да бар: Борышқор «біреуге берешек, қарыздар»: Мен Саламатқа 60 сом борышқормын (Қост., Жанг.) (ҚТАС).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==