Каржы сауда лексикасы соңғы
286 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Түрік т. алажак «алынатын қарыз», алажаклы «кредитор»: Alacakla verecek ödenmez «Алажақпен бережақ төленбес». Borçtan korkma alacaktan kork «Қарыздан қорықпа, алажақтан қорық». Татар т. алачақ «алатын қарыз» (ТатРС 36). Башқұрт т. аласақ «алатын қарыз»: аласақ-бирәсәк «алатын- беретін» (БРС 23). Қырғыз т. аласачы «біреуден алажағы, ақшалай аласы қарызы бар адам» (КРС 46). Берешек «қарыз, бересі» (ҚТТС 127). Берешек (МХР) «беретін пайдасы». Бережақ «берешек»: Менің он манат бережағым бар (Орал, Жән.). Былтырдан колхозга натура есебімен бережағың бар (Ақт., Ойыл). Алажағым болса да, бережағым болмасын (Мақал) Берешақ «бережақ, бересі» (ҚТАС 140). Әдеби тілдегі берешек , говорлардағы бережақ тұлғалары жоғары айтылғандай алашақ/алажақ нұсқалары сияқты беру түбір етістігіне көне және өнімсіз «-ажақ» қосымшасы жалғануы арқылы жасалған. Татар т. бирәчәк «долг, задолженность»: Бай бирәчәген мал белән, ярлы тир белән түләр (погов.) «Богач уплачивает свой долг деньгами, а бедняк потом»; Бирәчәгең бирми, гүргә кереп булмый (погов.) «Нельзя умирать, не оплатив долга» (ТатРС 108). Башқұрт т. бирәсәк «берешек, қарыз». Түрік тілінде verecek формасы грамматикалық қолданыс «беретінің, төлейтін қарыз» дегенді білдіреді. Әзербайжан тілінде де солай verəcək «беретін, төлейтін қарыз» семасында қолданылады. Борыш «қарыз, бересі, берешек»: Борышқа батты/борыш басынан асты «қарыздың астында қалды». Борышқорлық «бересі болушылық, қарыздарлық». Борыштану «қарыздар болу, бересі болу». Борыштар «берешек, қарыздар, борышты». Борышты «қарыздар, бересілі, борыштар» (ҚТТС 138).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==