Каржы сауда лексикасы соңғы

285 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «ҚАРЫЗ, БЕРЕШЕК» СЕМАСЫН БІЛДІРЕТІН ҰҒЫМДАРДЫҢ ТАРИХЫ Алашақ «аласы, қарыз, алатын ақша»: Менің сенен алашағым бар (Қост., Затоб.). Үсенбайда 75 сом алашағым бар еді, әлі алғаным жоқ (Қост., Жанг.). Алашақ ақшам бар еді, сол түспей тұр (Жезқ., Ұлы.) (ҚТАС 52). Алажақ «аласы, алатын қарыз»: Оспанда менің алажағым бар (Ақт., Ырғ.). Менің Медеубайдан алажағым, Қаһарға бережағым бар (Қ.орда, Арал). Алажағың болса алып тын да, маза бер (Орал, Жымп.) (ҚТАС 48). Алажақ қолданысы қазақ мақал-мәтелдерінде де айтылады, мәселен: Алажағың болса да, бережағың болмасын (Қалиев, Сарыбаев 1991: 70). Алажағым кетсе де, айташағым кетпесін (БС 67, 41). Сақалыңа сенбе, ар-ожданыңа сен Алашағыңа сенбе, алғаныңа сен (Keйкiн 2002: 143). Алашақ/алажақ тұлғалары ал - етістігіне көне ажақ есімше жұрнағы жалғануы арқылы жасалған. Бұл жұрнақ әдеби тілде өнімді емес, Батыс говорында және оғыз тілдерінде айтылады. Қазақ тілінде алажақ, бережақ, келешек, болашақ, көрешек, т.б. түбірі жеке ажыратыла бермейтін сөздерде ғана сақталған. «-Ажақ/ежек, ашақ/ешек» жұрнағы қазіргі күні Батыс говорына тән ерекшелік, ХХ ғасыр басында бұл есімше жұрнағының грамматикалық функциясы болған, мысалы: Кірешек «кіретін». «Онан соң қазақтың төл сөзі мен шеттен кірген жаңа кірешек сөздерге бір ақ түрлі емле ұсталады: шет сөздер де дыбыс жүйесі мен қазақ тілінің заңына көндіріліп жазылатын болды (Елдес Омарұлы, Емле кеңесінің қортындысы). (Жұбаева 2013: 26). Алажақ термині түркі тілдерінде: Әзірбайжанша алачаг: алачағ-верәчәк; алачағлы (АзРС 13); гагауз т. алажақ (ГРМС 38).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==