Каржы сауда лексикасы соңғы
284 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қарақалпақ т. табыс (КкРС 608). Қырғыз тілінде табыс сөзі болма да табышкер «добычливый, добычник» (КРС 188) туынды сөзі ғана бар. Түсім «Өндірілген өнім, алынған табыс»: Түсу етістігінен (түскен нәрсе, алынған өнім) мағынасы жасалған сәтті терминдердің бірі. Түсімді «Түсімі мол, өнімді». Түсімділік «Түсімділік, өнімділік» (ҚТТС 835). Қырғыз тілінде де қазақшадағыдай екі мәнде жұмсалады: түшүм «1. поступление: налогдун түшүмү «поступление налогов»; 2. урожай». Өзбек т. tushum (бір мағынада) «savdodan yoki umuman ar qanday ishdan tushgan pul, daromad (выручка)». Бұл тілде даромад деген кірме сөзі де белсенді жұмсалады. Түрік және әзербайжан тілдерінде гелир деген төл сөздерімен бірге арабша hasilat терминдері қолданылады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==