Каржы сауда лексикасы соңғы
283 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ сіңіп ас болғай! Мұндай батаны қазақ «кеусен батасы» деп атайды екен» (https://kazgazeta.kz/news/40077). Салым «Бұйырған нәрсе, ырзық, несібе». Салымы жоқ «жолы болмайтын, несібесіз». Аузының салымы бар «бірдеңе орала кеткіш, несібелі». Салымды «Жолы болғыш, несібелі». Салымды бол (тілек) «жолы болсын, табысты бол». Салымсыз «Жолы болмайтын, жолы ауыр» (ҚТТС 704). Салымы түйенің құйрығынан жоғары (ҚХР) «салымды, бағы зор» (ҚТАС 578). Тура осы үлгіде салым «вклад» (салым ақша, салым соммасы) деген жаңа қаржы экономикалық термин шыққан. Салым деп түркі тілдерінде салықты да айтады. Жіберу, жөнелту, тастау, қою мағынасындағы сал- етістігінен жасалған салым сөзі ауыспалы «ризық, несібе» семасына ауысқан секілді. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде басқаша дерек келтірілген: «Аузының салымы. Ол аузының салымынан көрсін. Тува тілінде салым «тағдыр» мағынасында жұмсалады. Алтайша салым 1) заң, өсиет; 2) тағдыр, көрешек. Бұл сөз тілімізде аузының салуы//салымы деген тіркесте ғана қолданылады. Қазақ тілінде салым сөзінің этимологиясы тува, алтай тілдеріндегі «тағдыр» деген мағынасымен байланысты болар деп топшылаймыз» https://sozdikqor.kz/salym Табыс «Белгілі бір істі орындау, атқару нөтижесінде түсетін пайда, кіріс; қол жеткен жетістік, жеңіс». Табу етістігінен жасалған ұтымды жасалған төл сөзіміздің бірі. Табыскер «Пайда келтіргіш, кіріс кіргізгіш». Табыссыз «Табысы жоқ, кіріссіз» (ҚТТС 771). Табысқа шығу (Рес., Сарат.) «жалақы алу» (ҚТАС 637). Табыс» қазақтың төл сөздері қатарына жатады, басқа түркі тілдерінде оның тура баламасы таралмаған, тек қазаққа ең жақын кейбір қыпшақ тілдерінде кездеседі: Татар және башқұрт тілінде табыш «пайда, кіріс».
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==