Каржы сауда лексикасы соңғы

282 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Кеусен (Қорда : Жал., Қаз., Қарм., Арал; Жамб.: Шу, Мер., Қорд., Луг.; Шығ. Қаз.: Зайс, Күрш.) «астықты қызылдап жатқанда келген кісіге берілетін үлес»: Бұрын қырманның басында кеусен сұраушылар көп болушы еді (Қ.орда, Жал.). Өсербайға қырман басынан берілетін кеусен бар (Жамб., Қорд.). Бұрынғы кезде сұраушыларға қырман басында кеусен берілетін еді (Шығ. Қаз., Күрш.) (ҚТАС 325). Кеусеннің қазаққа белгілі сөз екендігі төмендегі жазбадан көреміз: «Кеусен – қазақ егіншілерінің күзде егін жиғанда, қырманға егін бастырғанда, басқа да дақылдардан өнім алғанда ет жақын туыстарын, көрші-қолаң, ауылдастарын егін орып жинасуға, қырман басып соғысуға, картоп, сәбіз, пияз қазысып жинасуға көмекке шақыруы. Әуелі жұмыс бастамай тұрып, атыз басында, қырман қасында көмекке келген адамдарға арнап, бір ақсарбас қойын атап сояды да, даладағы жер ошаққа тай қазанын асып, дала дастарханын молынан жаяды. Асқа жиналғандар жұмыла жұмысқа кірісіп кетеді. Олар егін жиналып болмай, қырман соғылып бітпей кетіп қалмайды. Егінін түгел орысып, қырманын жиып соғысып, дәнін ақтап қаптасып, қамбасына кіргізісіп бір-ақ қайтады. Егін иесі жұмыс істесе келген адамдарды құр қол қайтармайды. Оларға алған өнімінен «құшыр» қолүзік дән бөліп береді. Оны қазақ ғұрпында «кеусен» немесе «кепсен» деп атайды. Ал күзде өнімді мол алған кейбір диқандар қырман соғып, астық қызылдағанда, үйіп қойған дәнінен «астық құшыры» деп, ағаш күрекпен шетінен кесіп бөледі де, оны бөлектеп жеке алып қояды. Әбден қырманы соғылып, астығы толық қапталып болған соң, әу баста бөлектеп алып қалған «астық құшыры» аталған дәнді тұрмысы нашар, жоқ-жітік, кәрі- құртаң, жетім-жесір, кедей, мүсәпір, мүгедек адамдарға үлестіріп, қырман басынан қаптап бөліп береді. Қазақ оны да «кеусен» немесе «астық құшыры» деп атайды. Кеусен алған адамдар қуанып, кеусен үлестірген диқанға ризалығын білдірісіп, рахметін айтады. Кейде алғысты тілек ақтарып, ақ батасын да арнап жатады: «Астырсын да соқтырсын, Алпыс атпен бастырсын. Ұраға тығып ұралап, Көк қашқанда аштырсын... Жақсылығың мол болғай, Дәнің шалқып көл болғай. Төбе-төбе үйіліп, Дәнің өсіп тау болғай. Атызыңда тас болмай, Ала бөтен қас болмай, Алладан жиған асыл дән Адал бір

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==