Каржы сауда лексикасы соңғы

281 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Чуваш т. сүрме «ішек немесе қарыннан жасалатын ауқат, шұжық, соқта» (Федотов II 1996: 150). Якут т. салыст .: сөрөө- «орау, қаптау» (ЯРС 337). > Осетин т. зөрмә «ішек-қарыннан жасалған шұжық»; грузин т. журма «ішек-қарыннан жасалатын тамақ» (Федотов II 1996: 150). Түркі жазба ескерткіштерінде жөргем сөзінің түбірі йөрге - етістігі де жиі қолданылған: Көне ұйғыр жазба мұраларында йөрге - 32 «орау» (Maitri.57-13) (Doğan, Usta 2014: 410). Диуани лұғатит түркте йөрге - «өру, орау, қоршау» (DLT.I.578). Хорезм дәуірі ескерткіштерінде йөрге - «орау» (KE.19r7...); йөрген - «жамылу» (ME.140-2). Қыпшақ мұрасы Кодекс куманикуста чөргек 33 «жөргек» (CC.59b/1). Көне Анадолы түрік жазбаларында йөрен- «ел аралау, жан-жаққа көз салу, қыдыру, айналаны тамашалау» (TS VI 4698); йөре «атырап, айнала, орта» (TS VI 4693). Келім «түсім, кіріс, пайда, табыс». Қазақ тілінде келім сөзі қолданылмаса да, тура сондай жолмен жасалған әрі сол мағынада түсім және кіріс терминдері жұмсалады. Ілгеріде термин ретінде алынар болса да қазақ тілінің тілдік заңына әбден сәйкес келетін осындай терминді негізге алу керек секілді, оған қоса біздің тілімізге ең жақын тілдерде осы тұлғасында айтылады: Ноғай т. келим «түсім, кіріс, табыс» (НРС 159); қарақалпақ т. келим: келим-кетим «түсім және шығын» (КкРС 310); татар т. килер/ килем «түсім, табыс» (ТатРС 410); башқұрт т. килем/килер «сол мағ.» (БТҺ I 496; 497); қырымтатар т. келир «пайда, табыс» (КТРС 400). Әзербайжан т. кәлир «пайда, табыс, кіріс» (АзРС 179); гагауз т. гелир «сол мағ.» (ГРМС 109); түрік т. gelir «сол мағ.» (ТурРС 324). Кепсен (Шығ. Қаз, Күрш.; Ауғ.; Ир.) «астықты алғаш қызылдап жатқанда келген кісіге берілетін үлес»: Бұрын бұндайда кепсен сұрайтын еді, енді ол жоқ (Шығ. Қаз, Күрш.) (ҚТАС 317). 32 Бұл қазақ тілінде өру болып өзгерді. 33 Чурек, чөрек деген түркілердің нан атауы осымен байланысты ма?

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==