Каржы сауда лексикасы соңғы

280 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Жүрген аяққа жөргем ілінеді, жатқанға жан жуымайды (БС 65 194). Жүргенге жөргем ілігеді (ҚӘTС VI 518). Жолына жөргем ілесті (ФС 267). Жөргем ескі сөз, көне түркі және орта ғасыр жазба ескерт­ кіштерінен бері қолданылып келеді: Диуани лұғатит түркте йөргемеч «ішек-қарынды майдалап турап, ішектің ішіне толтырылып салынып пісірілген орама, шұжық, соқта түріндегі тамақ» (DLT.III.55-14). Хорезм дәуірі сөздіктерінен Ибни Мүхенна лұғатында йөгек «ішек» (İML.138A.10). Шағатай әдебиетінің жарқын өкілі Әлішер Навои шығармала­ рында өргемеч «ішек және қарыннан жасалған тамақ» (Barutçu Özönder 2011: 103). Қазіргі түркі тілдерінде көбіне қыпшақ пен сібір тілдерінде кең таралған: Қырғыз т. жөргөм «ішек-қарын, өкпе-бауырдан жасалған ас» (KS 229); жүрмө «сиырдың қалың ішектері» (Юдахин 1965: 275); ноғай т. йөрме «ұсақ қылып туралған бауырдан жасалған шұжық» (НРС 126); башқұрт т. йүрем/йүрме «қойдың ет майынан жасалған орама түріндегі тағам» (BTS 749); қарашай-балқар т. жөрме/сохта-жерме «ішек-қарыннан жасалатын ұлттық тағам» (KБРС 568); құмық т. йөрме «қой етінен жасалатын шұжық» (KumTS 399): Қазақ 31 ұланға йөрме де ашдыр (мақал) «Жұмысшыға жөргем де ас» (Öztürk, Uyanık 2006: 163); қарайым тілінде йерме «өкпеден жасалатын тамақ» (KРПС 274). Алтай т. дөргөм «ішек-қарыннан жасалатын тағам; шұжық, соқта; қойдың еті толтырылған ішек» (ATS 65); хакас т. сөргенжік «орама түрінде тігілген шұлық» (HTS 463); тува т. чөреме «ішек және қарыннан жасалған шұжық түріндегі ас» (TувРС 544); сары ұйғыр т. йүрікпе «өкпе» (Maлoв 1957: 46). Ұйғыр т. салыст .: йөрги-/йөги- «орау, қаптау» (YUTS 471). Түрік т. салыст .: sarma «орама» (TKS 2007: 628); түрікмен тілінің диалектілерінде йөрме «орама» (TДӘД 223). 31 Мұнда қазақ ұлты емес. Қавказдағы түркілерде қазақ сөзі «қазақ жалданып жұмыс істеуші, қонсы, бойдақ, жорықшы, жалғыз жолаушы» сияқты мағыналарда айтылады.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==