Каржы сауда лексикасы соңғы
279 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қазіргі түркі тілдерінде бұл сөз кең таралмаған, тек кей тілдерде ғана көнерген сөз немесе диалект ретінде ғана жұмсалады (сібір түркілерінде жиі қолданылады). Түрік т. ası/assı (көне) «пайда, олжа» (ТурРС 67, 70); түрік т. диал. asık «пайыз» (DS I 342). Ұйғыр тілінің диалектілерінде ассы «gain, favour, merit, advantage» (Jarring 1964: 27). Өзбек тілінің хорезм диалектісінде асый/ас «пайда»: ас гөр- «пайда келтіру» (Абдуллаев 1961: 20). Тува т. ажык «пайда; табыс; айлық, ақы»: Ажыл хуваарга арыг кирер, ажык хуваарга куруг үнер (мақал) «Работу распределяют в лес убегает, доход распределяют ничего не получает (соотв. пролениться и хлеба лишиться); ажык сүрер «пайда қуу»; ажык- дуза «пайда, табыс»: ажык-дуза чедирер «пайда келтіру»; ажык- дузалыг «пайдалы»; ажык-кончаа «табыс, пайда»: ажык-кончаалыг «пайдалы, табысты»; ажык-олча «табыс, олжа»: ажык-олчалыг «табысты, олжалы»; ажык-орулга «пайда»: ажык-орулгалыг «табыс келтіретін, пайдалы» (ТувРС 41). Якут т. ас «пайда» (ЯРС 48). Чуваш т. усаа «пайда» (ЧРС 517). Көне түркі тілінен моңғол жазба тіліне кіргені де айтылады (Владимирцов 1989: 392). Монғол т. ашиг «пайда» (МҚС 30); халқа т. ашиг , бурят т. ашаг , қалмақ т. ашг «пайда; табыс, кіріс» (ЭСМЯ I 58). Манжұр т. айси «пайда, кіріс»; айсила «пайда келтіру; көмектесу»; айсинга «пайдалы» (ССТМЯ I 1975: 22). Жөргем «пайда, олжа». Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде жөргем сөзі «пайда, олжа» деп те анықталып, Жүрген аяққа жөргем ілінеді «еңбек еткен адам пайдаға, олжаға кенеледі» (ҚТТС 312) деген мысал келтірілген. Әрине бұл жөргем сөзінің ауыспалы, яғни екінші мағынасы болса керек, өйткені оның алғашқы мәні «қойдың ішек-қарынынан өріп жасалатын тағам; қонақ табағына салынбайтын ішек-қарын және өкпе-бауырдан жасалатын ас; бір кесек шикі ет» екені белгілі. Төмендегі мақал-мәтелдерде де айтылады: Екі бас, екі басқа жөргем де ас (БС 65 238).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==