Каржы сауда лексикасы соңғы

27 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ болғанын ескертеді (қазақ тілінде екінші мәнінде актив жұмсалады) (СГТЯЛ 332). Севортян болса көне түркі тіліндегі үпле - «тонау, ұрлау» етісті­ гінің де осы сөзбен (үппен) байланысты екенін дәлелдеген. Қазақ тіліндегі үбір-дүбір сияқты туынды формада қолданылуы үп сөзінің де үп - етістігінен шығуы мүмкін деп қорытындылайды (ЭСТЯ I 635). Қазына «түрлі бағалы заттар, дүние-мүлік; материалды байлық; жер қойнауындағы қазба байлық; кен, руда (ҚТТС 453). М. Фасмер В.В. Радловқа сүйеніп орыс тіліндегі казна сөзінің төркіні түрік және қырым татарларының хазна сөзінен алынғанын алға тартады. Бірақ оның бұдан да ертерек қыпшақтардан өткенін ескермесе болмайды. Өйткені орыс тіліндегі казнарның дыбысталуы қыпшақтың қазна сөзіне жақын. Н.К. Дмитриев орыс тіліндегі казна сөзіне араб тілінен түркі тілдеріне ауысқан хазина «қазына» сөзінің «қыпшақ-түркілік түрі» деп көрсетеді. М. Фасмер орыстың ежелгі жазба ескерткіштерін жақсыбілген, солсебепті бұлсөздің1389жылыДмитрийДонскойдың грамотасында кездесетінін айтады, ал Н.К. Дмитриев бұл сөз алғаш Афанасий Никитиннің «Үш теңіздің ар жағына саяхат» еңбегінде ұшырaсады деп жүз жыл шамасында кейінге шегереді (Алжанбаева 2011: 52). Алжанбаеваның берген тұжырымдамалары орыс тіліндегі Добродомовтың мақаласынан алынғаны аңғарылады: «М. Фасмер, пользуясь Опытом словаря тюркских наречий акад. В. В. Радлова как справочником по тюркской лексике, выводит русск. казна из турецкого и крымско-татарского хазна или же поволжско-татарского хазина, хотя в этом же словаре отмечены и формы более точно соответствующие русскому слову: половецкое и татарское казна (ср. также ногайск. пословицу Эл казнасы эски соьз). Не воспользовался М. Фасмер также и Половецким словарем К. Грёнбека, в котором отмечено половецкое qazna. Н. К. Дмитриев точен в тюркологической части: он отмечает, что русскому казна соответствует «кыпчакско-тюркская форма арабского слова хазина «сокровище», и указывает на половецкий язык как на возможный источник заимствования» (Добродомов 1967: 365).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==