Каржы сауда лексикасы соңғы

26 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Алтай т. үп «үй заттары ішіндегі ең жақсысы, қымбат бұйымдар, асыл заттар; мирас, мұра боп қалған қазына»; үп-сап «керек жарақтар, қажетті әртүрлі бұйымдар» (АРС 764); тува т. үп «үптеп, тонап жиналған мүлік, дүние, мал; соғыстағы олжа; үвүр-савыр «жүн-жыбыр; көр-жер; ұсақ-түйек, әр нәрсе»; үп-сап «сол мағ.» (ТувРС 443); шор т.. үп «меншік, мирас, атадан қалған мүлік» (ШРС 59); өп «меншік, байлық» (Радлов I 1308). Якут т. үп «қаржы, қаражат»: үп министерствота «қаржы министрлігі»; туттууға эбии үбү биербиттер «құрылысқа қосымша қаржы бөлінді»; үп-ас/үп-баай «байлық; әл-ауқат; дәулет; қазына- мүлік; мүлік»; үп-харчы «ақша, қаржы»; үптен - «баю»; үптех «бай, ауқатты» (ЯРС 456). Моңғол тілдерінде де бұл сөз кездеседі: Моңғол т. өб ; халка т. ɵв «мирас, мұра; атадан қалған қазына; қалмақ т. ɵв «меншік, жеке мүлік» (ЭСМЯ II 220). Көне түркі жазба ескерткіштерінде үп сөзінің өзі кездеспесе де сонымен байланысты деп тұжырымдалған үпле - «тонау» етістігі кездеседі. Мысалы Қарахан дәуірінің құнды жәдігері Диуани лұғатит түркте үпле - «тонау, ұрлау, алып кету, жоқ қылу»: ол аның таварын үпледи «ол оның мүлкін ұрлады» (МҚ I 255) (ДТС 626). Қазақ тілінде де үптеу «түк қалдырмай ұрлап кету, сыпырып тонау» (ҚТТС 872) тұлғасында қолданылады. Этимологиялық сөздік авторлары үптеу мен үптің түбірлес сөздер екенін ескертеді (ЭСТЯ I 635; СГТЯЛ 331). Мәселен тува тілінде үп зат есімі «тонаумен жиналған мүлік, дүние, соғыс олжасы» мен «тонау» мағынасындағы үптеу етіс­ тігінің арасында семантикалық байланыс бар. Мұнымен қоса якут тілінде үпте - «баю» (ЯРС 456) деген етістіктің мағынасынан осы байланысты аңғарамыз. Рамстедт түркі тілдеріндегі үп , моңғолшадағы үб варианттарын қытай тілінен келді деп есептеген (Ramstedt 1935: 295; 1949: 56). Рясянен, моңғол тілдерінен кірген деп тұжырымдаған (Räsänen 1969: 521). Сравнительная-историческая грамматика тюркских языков (лексика) кітабының авторлары үп сөзінің «қымыз ұйытқысы» мағынасындағы үрп (қырғыз тілінде) сөзімен байланысты көріп, қор (ақша, мүлік қоры) сөзінің де алғашқы мағынасы «ұйытқы»

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==