Каржы сауда лексикасы соңғы
25 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ 2. Жұмабайдың үйінің іші үпті де, тап-таза, кірсең шыққың келмейді. (Б.Соқпақбаев, Балалық шаққа саяхат). 3. Орымбектің үйі едәуір үпті екен. Алты қанат үйдің төріне жүкаяқ үстіне жиналған жүк уықтың қарына тіреліп тұр. Үйдің бау- шуы да әдемі (Балғабек Қыдырбекұлы, Алатау). 4. Осборндардың үйі үпті еді; әкесінің үстелі сәнді де қымбат ағаштан жасалған, олардың қауымы – қайырымды да тәрбиелі (У.Теккерей, Бақталастық базары, аударған Байұзақ Қожабекұлы). Радловтың сөздігінде де «имение; известное, назначенное место» мағыналарындағы үп сөзі қазақ тіліне тән деп көрсетілген (Радлов I 1908). Айрықша Будаговтың сөздігінде үбі сөзінің қазақ тілінде «мүлік (жылжымалы, жылжымайтын)» (Будагов I 109) мағынасында қолданылатыны тіркелген. Сөздің бұл тұлғасы Аймақтық сөздікте де берілген: үбі (Түрікм.: Красн., Небид., Ашх., Таш., Тедж.) «мал мүлік, дүние»: Үбілі байлардан да көрген қайыр шамалы (ҚТАС 704). Будагов сөздігінде қазақ тілінен деп үбіс (үбүш деп оқылады) «мүлік» (Будагов I 108) сөзі де берілген. Қазақ тілінде бұл сөз үр тас «жүзікке, білезікке орнататын асыл тастардың бір түрі» (ҚТТС 872) тіркесінде үр формасында да сақталған. Сонымен бірге, алтынмен аптап, күміспен күптеді «безендірді, құлпыртты» (ФС 49) деген тұрақты тіркестер құрамындағы аптау және күптеу етістіктерінің де «әшекей» мәніндегі үп сөзімен байланыстыруға болады. Бұлай деуімізге себеп күпте-/күпсе-/ күптел- нұсқаларының «сандықтың тысын күміс, мыспен қаптау» (ҚӘТС VIII 537-539) мағынасында қолданылуы болса керек. Қазіргі түркі тілдерінен тек кейбірінде үп және оның туынды тұлғаларында кездеседі: Қырғыз т. үп «қымбат дүниелер, қазына, байлық, асыл заттар»: сандық толғон үп «сандық толы қазына»; үнкүр толғон үптөр «үнгір толған қымбат қазыналар»; байдың үбүн үптөп, жүгүн жүктөп «байдың байлығын жинап, жүгін жүктеп»; үпчү «әшекей»: алтын үпчү жабуу «алтын әшекеймен қаптау»; үпчүлөу «әшекейлеу»; үпчүлүү «әшекейленген, безендірілген» (КРС II 324).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==