Каржы сауда лексикасы соңғы
24 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Ағычы сөзі сондай-ақ Битиг бүше сағыш ағычы болур «жазу- сызу, есеп-қисап білсе қазынашы болар» деген сөйлемде кездеседі (KB 346, 17). Махмұт Қашқаридың Диуани лұғатит түрк атты сөздігінде ағы «жібек»; ағычы «қазынашы, алтын сақтаушы» (МҚ 57/9) (ДТС 17) деп тіркелген. Ортаазиялық тәпсір кітабында (XIII ғ.) ағы «бағалы дүниелер, асыл заттар қазынасы» (Боровков 1963: 39). Мәмлүк қыпшақ ескерткіші Китабүл идрақта ағы «қазына» (Caferoğlu 1931: 2). Көне Анадолы түріктері (осман) жазбаларында ағы «жібек атауы» (TS I 33). Ағы немесе ағычы сөзі қазіргі түркі тілдерінің ешқайсынсында кездеспейді (біз қараған сөздіктерден кездестірмедік). Алайда қазақ тіліндегі ақша сөзінің түбірі «жібек» мәніндегі осы ағы сөзімен байланыстырылады. Түріктің белгілі лексиколог ғалымы Серткая мажар лингвисті Немет пен неміс алтайсты Рамстедтің деректеріне жүгіне отырып, ағы сөзі ақша терминінің түбірі екенін көрсетеді. Ағы түбір сөзіне «-ча» туынды жұрнағы жалғанып, ағыча , кейінірек ақча боп өзгергені алға тартылады (Sertkaya 2006: 14). Ағы сөзінің алғашқы «жібек, қымбат мата» деген мағынасынан кейінірек «бағалы зат, қазына» деген мәнге ие болғанын ағылшын этимологы Клаусон айтқан (Clauson 1972: 78a). Ескі жазбалардан терімен бірге «қымбат мата, жібек» мағынасындағы ағы сөзінің де ақша (төлем құралы) ретінде жұмсалғаны анықталды. Айрықша түркі-қытай қатынастарында бұл жібек маталардың маңызды рөл атқарғаны анық (Sertkaya 2006: 13). Үп/үр «қымбат, бағалы дүние, асыл тас; мүлік, байлық, қазына». Қазақ тіліндегі үп «дүние-мүлік, зат, жасау»; үпті «дүние-мүлкі мол, жасаулы (ҚТТС 872) формалары осымен байланысты. Жоғарыдағы сөздер қазақ говорларында айтылады деп берілген: Үп «дүние, мүлік»: Адамды өп әлі бұлыққа жеткізбес (Шымк., Арыс); Үпті «мүлікті, жасаулы»: Үйіне кіріп барып едім, өте өпті адам екен (Алм., Еңб.қаз.) (ҚТАС 709). 1. Малға қосып үй-үйден үпті алды / Тігулі үйге келіп отты салды. Малды алып, үйді өртеп болғаннан соң / Қазан менен ошақты шағып салды (І.Жансүгіров, Етекбайдың өлеңінен).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==