Каржы сауда лексикасы соңғы
277 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Түркия казактары мен Маңғыстау өңірі тұрғындарының тілінде кәденің атауы (күйеу келгенде кыз жеңгелері алатын сыйлық). Семей, Шұбартау тұрғындары калыңмалды алапа деп атайды екен, ал Жамбыл Шу өңірінде «адамгершілік» деген дерексіз ұғымды осы тұлгамен атаса керек, Қарақалпақ жеріндегі қазақтар тойларда берілетін ақшаны түйген орамалды алапа деп атайды. Ресей қазақтары (Саратов облысы) жалақыны алапа дейтіні көрсетілген (Сыздық 2009: 75). Р.Сыздық алапа сөзін ескілікке жатқызып, оның түбі моңғолша алба(н) сөзі деп анықтайды: «Aлапа сөзінің түп-төркінін монғол тіліндегі алба(н) сөзінен іздеу керек сияқты. Алба(н) сөзінің монғол тіліндегі көне бір мағынасы «повинность, натуральная или денежная» (МРС 29). Қазақ халкын құраған найман, коңырат сиякты ірі тайпаларының Шынғыс империясына дейінгі де, кезіндегі де, кейінгі де әскери-соғыс іс- қимылдары, салт-дәстүрлері, қару-жарақтары, әлеуметтік құрылым тәртіптері моңғолдармен іліктес, қатарлас, аралас болғаны мәлім. Сондықтан түрікше алапа сөзі мен монғолша алба сөздері түбірлес болар деп топшылауға мүмкіндік бар» (Сыздық 2009: 75). Бұхар жыраудың Шоқан Уәлиханов жазып алған жырында алафа деген формасында әрі «әскерге жинайтын алым-салық» деген мағынасында жұмсалғанға ұқсайды: Қырық сан кара қалмакты Жарлығына қаратқан, Алафасын арттырып, Арпалап атты қунатқан Өйткені Бұхардың «алапасын арттырып, арпалап атты қунатқан» дегені «әскерге жинайтын алым-салығын арттырып, әскер аттарын қунатты (мықты, кунакы етті) деп тұрғаны байқалады (Сыздық 2009: 76). Біз қазақ тілі мен говорларындағы негізгі мағынасы «олжа, табыс; ақы» болған алапа сөзін араб тіліндегі ‘улуфа «әскер ақысы» ( https://www.nisanyansozluk.com/?k=ulufe) және осман тіліндегі улуфе (ulȗfe) «әскерилерге (янычарға) төленетін ақы» (Devellioğlu 2017: 1119) сөздерімен байланыстырамыз. Улуфенің де түбірі «жепшөп» мағынасындағы ‘ алаф сөзімен байланысты (https:// www.etimolojiturkce.com/kelime/ulufe). Сонымен бұл сөз «жепшөп»
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==