Каржы сауда лексикасы соңғы
276 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «ТАБЫС, ПАЙДА, ОЛЖА» МАҒЫНАСЫНДАҒЫ СӨЗДЕР Алапа «олжа; пайда, табыс; кәде, сыйлық; қалыңмал; жалақы, ақы; әскерге жинайтын алым-салық». Аймақтық сөздікте алапа сөзінің говорларда ғана айтылатыны жазылып, оның бірнеше мағынасы келтірілген: 1. Алапа (Атыр., Маңғ.; Рес, Орын.; Қ.орда: Сыр., Жал.) «олжа, пайда, табыс»: Егін жақсы шықса, халыққа үлкен алапа (Гур., Маңғ.). Бұрын қызды күйеуге бергенде, әйелдер алапа алатын. Біреуден алапа алма (Рес , Орын.). Күріш жақсы шықса, халыққа бір алапа болып қалар еді (Қ.орда, Сыр.). Ал мына хан: «Ант жағын ауызға алма, әуелі әр қайсысына алапа үлестір», - дейді (Ә. Кекіл., Үркер, 336). 2. Алапа (Атыр.: Маңғ., Шевч.; Түрікм., Ташк., Қарақ .) «кәде»: Ертеде күйеу келгенде жеңгелері алапа аламыз деп баратын (Гур., Маңғ.). Көненің сондай алапасының көбі ұмытылып барады (Түрікм., Көнеүр.). Қыз малсыз болса да алапасыз болмас (Қарақ.). 3. Алапа (Сем.: Абай, Шұб.) «қалың мал»: Осы күні қыз бергенде алапа алмаймыз (Сем., Абай). 4. Алапа (Жамб., Шу) «адамгершілік»: Біреудің алапасы асық, біреудікі кем болады (Жамб., Шу). 5. Алапа (Қарақ .) «әйел босанған, келіншек түскен тойларда берілетін ақшалы орамал». 6. Алапа (Рес., Сарат.) «жалақы»: Келіннің алапасы қандай болады? (Рес, Саратов) (ҚТАС 51). Алапа сөзінің диалектік ерекшеліктері туралы ғалым Р.Сыздық та жазады: «Бұл сөз әсіресе жергілікті ерекшелік ретінде жаксы сакталған. Қазақстан мен Ресей жерінің 6 өңірінде 6 түрлі мағынада қолданылатын диалектизм болып тіркелген. Атырау, Маңғыстау, Орынбор өңірлерінде «олжа. пайда, табыс», Түрікмен, Қарақалпақ,
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==