Каржы сауда лексикасы соңғы
275 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Анадолы диалектілерінде salgın, salgu «салық», algın salgın «ауыл әкімі жинайтын ақша», salgıncı «салық жинаушы, есепші» деген мағыналарда қолданылады (Gedikli 2016: 12). Салық «Жеке адамдар мен көсіпорындардан міндетті түрде алынатын мемлекеттік алым». Cал- етістігінен жасалған көнеден келе жатқан термин. Салықшы (көне) «Салық жинаушы» (ҚТТС 704). Түтін салық «Бұрын үй басынан, әрбір түтіннен алынатын шаңыра салығы, бір отбасына салынатын салық». Көне түркі тілінде salıġ «бір салық түрі» дегенді білдірген. Kılıġ salıġ қос сөзі болып та жазылған (EUTS 116, 128). Жәфероғлу бұл салықты «жүзім бағы салығы» деп атайды; осы салық Алтын Ордада осы атаумен қолданылған. Шағатай тілінде salığ «салық» деген мағынаны береді (Gedikli 2016: 17). Қырғыз бен қазақша салық , өзбек т. sоlık , ұйғырша selіk , татарша салым , башқұртша һалым барлығы «салық» деген мағынада қолданылады (KTLS 30 946). Татуыр (МХР) «салық, жарма». Қырқынчы жылдары малдың татуыры жеңіл болмады (МХР). Бұл сөз моңғол тілінен кірген: Монғолша татвар «салық», албан татвар «міндетті салық», татвар телегч «салық төлеуші» (ҚМС 261) (ҚТАС 653). Оның түбірі моңғолша (түркі мен моңғолға ортақ) тат - «тарту», татах - «салық алу» етістігіне апарады https://en.wiktionary.org/wiki/ татвар 30 Karşılaştırmalı Türk Lehçeleri Sözlüğü, 1991.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==