Каржы сауда лексикасы соңғы
274 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «көше» (КумРС 227); қарашай-балқар т. орам «көше; есік алды» (РКБС 658); қарайым т. орам «көше» (КРПС 431). Өзбек т. урам «квартал, аудан» (УРС 635). Алтай т. ором «көше» (АлтРС 509). Чуваш т. урам «көше» (Федотов II 1996: 284). Моңғол т. орум ; халқа, бурят т. ором ; қалмақ т. орм «із, таңба, белгі (ЭСМЯ II 217). Корей т. порам «белгі, таңба, ен» (ЭСМЯ II 217). Кейбір зерттеушілер орам сөзінің моңғол тілдерінен ауысқанын алға тартады (Räsänen 1960: 364b; Eren 1973: 260). ЭСТЯ сөздігінде орамның ор - «қою, орналастыру, жайғастыру» етістігінен келгені анықталып, қарашай-балқар тіліндегі орын сөзінің «аумақ, алаң, аула» мағынасында қолданылуынан орам мен орын сөздерінің бір-бірімен байланыстылығы айтылған (ЭСТЯ I 601). Салғырт (Атыр., Маңғ., Орал., Орда) «алым-салық». Бұрын ұлықтар салғырт алатын. Салғырт көбінесе кедейлерге салынатын (Гур., Маңғ.). Келін салғыртынан қайнаға, іні салғыртынан аға қашып құтыла алмайды. Енді неде болса, мына құйылған шайды ішіңіз (Орал, Орда). Жабай жүрген елің деп, Бас бұрмай маған көнің деп, Түсіндір барып халқыңды Кенженей салғырт берің деп (С. Жанғаб.) (ҚТАС 576). Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде салғырт сөзіне көне белгісі қойылған: Салғырт (II көне) «салық, алым» (ҚТТС 702). Түбі салық секілді сал- етістіне (салық салғыз, салдырт дегендей) апарып тұрған секілді. Түрікмен тілінде salğıt «салық» деген сөз де осы түбірден шыққан және салғырт сөзінің фонетикалық нұсқасы деп ойлаймыз. Османлы тілінде salġun, salġın, salkı «салма жолымен алынған салық, қалаулы (қалауы бойынша алынатын) салық» дегенді білдіреді. Бәрі де sal- «салық жинау, салық салу» деген етістікпен байланысқан.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==