Каржы сауда лексикасы соңғы

273 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ бір ақсарбас қойын атап сояды да, даладағы жер ошаққа тай қазанын асып, дала дастарханын молынан жаяды. Асқа жиналғандар жұмыла жұмысқа кірісіп кетеді. Олар егін жиналып болмай, қырман соғылып бітпей кетіп қалмайды. Егінін түгел орысып, қырманын жиып соғысып, дәнін ақтап қаптасып, қамбасына кіргізісіп бір-ақ қайтады. Егін иесі жұмыс істесе келген адамдарды құр қол қайтармайды. Оларға алған өнімінен «құшыр» қолүзік дән бөліп береді. Оны қазақ ғұрпында «кеусен» немесе «кепсен» деп атайды. Ал күзде өнімді мол алған кейбір диқандар қырман соғып, астық қызылдағанда, үйіп қойған дәнінен «астық құшыры» деп, ағаш күрекпен шетінен кесіп бөледі де, оны бөлектеп жеке алып қояды. Әбден қырманы соғылып, астығы толық қапталып болған соң, әу баста бөлектеп алып қалған «астық құшыры» аталған дәнді тұрмысы нашар, жоқ-жітік, кәрі- құртаң, жетім-жесір, кедей, мүсәпір, мүгедек адамдарға үлестіріп, қырман басынан қаптап бөліп береді. Қазақ оны да «кеусен» немесе «астық құшыры» деп атайды» (https://kazgazeta.kz/news/40077). Орам беру (Ақт., Шалқ.; Алм., Шел.) «жер-су беру, бағыну»; алым, салық беру»: Есет орыс патшасына орам бермеймін деп, көп қарсылық істеді (Ақт., Шалқ.). Исатай кіші жүздің ханына, сұлтандарына орам бермеймін деп қарсылық істеді (Алм., Шел.) (ҚТАС 540). Қазақ говорларында «жер-cу беру, бағыну, салық төлеу» мағынасында қолданылған орам беру тіркесіндегі орам «көше; жер; мекен» мағынасындағы сөз болса керек. Орам осы мағыналарында көне түркі және қазіргі түркі, моңғол тілдерінде қолданылады: Көне ұйғыр жазулы ескерткіші Оғыз қаған дастанында oрам «көше» (ДТС 370). Хорезм, Алтынорда дәуірі жазба мұрасы Ортаазиялық тәпсір кітабында орам «мекен, аумақ, елді мекен» (Боровков 1963: 330). Қазіргі түркі тілдерінде негізінен батыс қыпшақ тілдерінде актив жұмсалады: Ноғай т. орам «көше; алаң, алаңқай, аула» (НРС 249); қырғыз тілінің диалектілерінде ороом «ауыл жұмысшысына берілген жер, тиісілі жер» (КРС II 80); татар т. урам «көше, дала (сырт), есік алды» (ТатРС 981); башқұрт т. урам «сол мағ.» (БТҺ II 477); құмық т. орам

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==