Каржы сауда лексикасы соңғы
272 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Түрікмен т. гулақчын «құлақшын» (ТРС 208); түрік т. kulakçın «баскиімдегі құлақшын» (ТурРС 571). Төмендегі тілдерде құлақ сөзі жапырақша (бұдан қазақ тілінде құлақшын «жапырақша түріндегі қағаз» деген мән туды) дегенді білдіреді: Татар қолақ «жаңа шыққан жапырақша» (ТатРС 438); ноғай т. қулақ «орамжапырақтың жапырақшасы» (НРС 186). Өзбек т. қулоқ «мақтаның жапырақшасы» (УРС 690). Түрікмен т. ғулақ «бақшадағы ағаштың жаңа шыққан жапы рақшасы» (ТРС 571). Құшыр «Жан басынан астықтай алынатын діни салық; ұшыр» (ҚТТС 550). Ұшыр (көне) «Дін басыларына егін өнімінен төлейтін салық» (ҚТТС 864). Үсір (Қ.орда, Қарм.) «алым-салықтың бір түрі; егін еккен адамдардан 10 табақтан бір табақ, 10 пұттан бір пұт астық алу, яғни өнімнің оннан бірін алу»: Ертеде молдалар халықтан малдан зекет, астықтан үсір алған (Қ.орда, Қарм.). Алып болсаң үсіріңді , аулаққа сал дүсіріңді (Халық аузынан) (ҚТАС 711). Құшыр атауы іс жүзінде көшпелі малшылардан да, қалалар мен қоныстардағы егіншілікпен айналысатын тұрғындардың да жан басына салынатын алымды білдіреді. Құшыр ертеректе барлық моңғол мемлекеттеріне, соның ішінде Алтын Орда мен Шағатай ұлысына тарады. Көбіне мұсылман елдерінде егін шығымының оннан біріне салынған (Қазақ мәдениеті, 2005). Қазақ говорларында сақталған әрі ертеректе қолданылған құшыр, ұшыр, үсір сөздері араб тіліндегі ‘ушр (ғушр) « عشر оннан бір бөлік, өнім үшін алынан салық түрі (түбі «он» дегеннен шыққан)» сөзінің қазақша нұсқалары деп пайымдаймыз. Кейбір түркі тілдерінде де сақталған: Ұйғыр т. ушур «салық түрі (оннан бір)» (YUTS 440). Түрік т. öşür/aşar «оннан бір бөлік, он; салық түрі» (ТурРС 705). Құшыр туралы мына дерек те маңызды: «Атыз басында, қырман қасында көмекке келген адамдарға арнап,
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==