Каржы сауда лексикасы соңғы

271 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Кеженей салық бермең» деп Патшаменен қас болып Қырық жігітке бас болып Інісі Шабай қасында Досан шықты алдынан (Досан батыр). С.Аманжолов мұны Батыс говорына тән көнерген сөз деп береді: «Взападномдиалекте встречаются архаические слова, утраченные литературным языком так например кеженей вместе литературного «алым-салық» (Аманжолов 1953: 99). Аймақтық сөздікте осымен байланысты кенжей «салық жинаушы» деп тіркелген: «Хан заманында егін егіп, содан жиналған астықтың белгілі бір бөлігін ханға төлеп отырған. Ал, байлардан салық жинаушы адамды «кенжей» деп атаған» (ҚТАС 655). Негізінен Маңғыстау, Атырауда қолданылған кеженей сөзі орысша казенный (түбі арабтікі, бірақ түркизм) дегеннің қазақша айтылуы болуы ғажап емес. Құлақшын (Жамб., Луг.) «бұрынғы заманда ауылнай, болыстар елден салық жинағанда беретін қағаз» (ҚТАС 436). Бұл сөз салық жинау ісіндегі қағаздың «баскиімнің құлақшыны, құлаққабы, жапырақша»формасына ұқсастығынын туса керек. Бұған ұқсас құбылыс өзбек және татар тілінде бар, мәселен бұл тілдерде қулоқ, қолақ «жапырақша» (УРС 690; ТатРС 438) дегенді білдіреді. Орыс тіліндегі лист/листок сөзінің қағаз мәніне ауысуы да осымен бірдей. Сонда «салық жинағанда беретін қағаз» мағынасындағы құлақшын сөзі «баскиім құлақшыны, құлақшасы немесе жапырақша формасындағы қағаз» дегенді білдіреді. Құлақшын сөзі тек «баскиім түрі (ушанка)» мағынасында және көбіне қыпшақ тілдерінде қолданылады, бірақ оның қазақ тіліндегідей ауыспалы «жапырақша, баскиімнің құлақшасы формасындағы қағаз» мағыналары байқалмайды: Қырғыз т. кулакчын «құлақшын; жылқыға тағатын құлақша, құлақтық» (КРС I 441); қарақалпақ т. қулақшын «құлақшын» (КкРС 408); ноғай т. қулақшын «құлақшын; сырға» (НРС 186); татар т. қолақчын «құлақшын» (ТатРС 439). Ұйғыр т. қулақчин/қулақча «құлақшын» (YUTS 247); өзбек т. қулоқчин «сол мағ.» (УРС 690).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==