Каржы сауда лексикасы соңғы
270 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Өзбек тілінде йиғим түрінде және «ақша қоры, жинағы» деген мәнде жұмсалады: Өзбек т. йиғим «сбор денежный» (УРС 198). Зекет (тaр.) «Қоқан хандығы кезіндегі малға салынған салық» (ҚТТС 344). Қайыр-зекет (көне) «Мал санына қарай әр түтіннен алынатын діни салық» (ҚТТС 457). Арабша зку/зкй (оның шығу тарихы арамей тілінде зака «тазалану»-дан келеді) түбірінен келген зекат ةاكز сөзі түркі тілдерінде «ислам дінімен байланысты садақа, зекет» мағынасында қолданылады. Қазақ және қазақ тіліне ең жақын қыпшақ тілдерінде «салық, діни салық түрі» деген мәнге ие болған. Мысалы: Қырғыз т. зекет (ист.) «Қоқан хандығы кезіндегі мал үшін алынатын салық»; зекет/секет «салық»: түндүк зекет «бір түтін (үй) салығы (бір қой шамасында)»; алал зекет «елу бастан бір бас алынатын салық» (KPC I 190); қарақалпақ т. зәкәт «2. налог за перегон скота» (КкРС 282). Ноғай т. зекат «мал үшін салынатын салық, қырықтан бірі өлшеміндегі алым» (НРС 113). Кеженей (Гур., Маңғ.) «революциядан бұрын түтін басынан алынған салық». Бұл салық түрі қазір күні салынбайды, патша заманындағы салық түрі болса керек. Аймақтық сөздікте Батыс диалектісіне тән говорлық ерекшелік деп көрсетілген: Патша тұсында кеженейге ботамызды да сатқан едік (Гур., Маңғ.). Жабай жүрген елің деп, Бас бұрмай маған көнің деп, Түсіндір барып халқыңды, Кеженей салғырт берің деп (Атыр., Маңғ.) (ҚТАС 309). Кеженей сөзі 1868 жылғы Маңғыстау қазақтары көтерілісінің басшысы Досан Тәжіұлы батырға арналған «Досан батыр» тарихи жырында да айтылады, мәтіннен тәуелді елдің төлейтін салығы мәні аңғарылады: Бұл хабарды есітіп «Қорлығана көнбең, – деп
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==