Каржы сауда лексикасы соңғы

269 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ салығы, кейін керісінше басып алынған сібір түркілерінің орыс патшалығына өтеген салығы деп түсіндірген (Caferoğlu 1934: 36). Этимологиялық сөздікте йасақ сөзінің йаса - етістігіненжасалғаны алайда оның моңғол тілінен кіргені жазылған: «Из производных йаса-, распространенных в тюркских языках, исторический интерес представляет имя с аффиксом «қ» – так называемая чагатайская форма, восходящая к монгольскому источнику (сравните письменный монгольский ǰаsaγ)» (ЭСТЯ IV 151). Жасақ сөзінің түбі моңғол тілдеріндегі йаса-, заhа-, яс-, зас- «жөндеу, ретке келтіру, емдеу, құру» және түркі тілдеріндегі йaсa - «жасау, істеу, құру» етістігімен байланысты болса керек. Оның түбі түркі сөз екенінің дәлелі, көне түркі тілінде йасақ «салық түрі» (EUTS 289) түрінде қолданылғаны. Жидашы (көне) «алым-салық жинаушы» (ҚТТС 301). Жыйдашы (Шығ. Қаз.: Күрш., Тарб.) «бұрынғы кездегі алым- салық жинаушы» (ҚТАС 278). Қазақ тіліндегі көне сөз бен Шығыс говорындағы жидашы/ жыйдашы формалары «жинаушы» сөзінің фонетикалық варианты болса керек. Түркі тілдерінде бөл сөз көп кездесе қоймайды, тек түрікмен тілінде қазақ тіліндегідей тұлға мен мағынасында жұмсалады: Түрікмен т. йығнайжы «салық жинаушы» (ТРС 374). Ноғай тілінде ақша йыунаушы деп қолданылады: Ноғай т. йыйнаушы : ақша йыйнаушы «салық үшін ақша жинаушы» (НРС 127); Қыпшақ тілдерінде тек йынаучы/жыйнаушы нұсқаларында келіп, жеке өзі «салық жинаушы» деген мағынада қолданылмайды, қолданылса тек салық сөзімен бірге айтылады (мысалы: салық жинаушы сияқты) Tатар т. жыйғыч «собиратель, сборщик» (ТатРС 1287); башқұрт т. йыйғыс «сол мағ.» (БТҺ I 443); құмық т. жыйучу «сол мағ.» (КумРС 121); қарашай-балқар т. джыйыучу «сол мағ.» (РКБС 561); қырғыз т. жыйноочу «сол мағ.» (КРС I 277); қарақалпақ т. жыйнаушы «сол мағ.» (КкРС 272).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==