Каржы сауда лексикасы соңғы
268 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ т. яһақ «Патшалық Ресейдің Волга бойы мен Сібір халықтарынан алған салығы» (БТҺ II 811); қарайым т. йасақ «салық»; йасақчы «салық жинаушы» (КРПС 237); құмық т. ясақ «салық, алым»: мал ясақ «мал түрінде өтелетін салық»; ясақ салмақ «салық салу»; ясақчы «салықшы» (КумРС 376); қарашай-балқар т. джасақ «салық, алым; сый, құрмет» (РКБС 129); ноғай т. ясақ (арх.) «салық»: ясак алу, ясак төлету ; менде ясағың бар ма «Менде алажағың бар ма» (НРС 470); қырғыз т. джасак «жасақ, шоралар; қолбасшының сенімді серіктері»; қырғыз т. диал. джасак-джабдык «әскери жарақтар» (КРС 238); қырым татар т. ясақ «салық» (КТРС 331). Өзбек т. ясоқ (ист.) «жинақ, заңдар жинағы»; ясоу «әскери тәртіп; әскери сап» (УРС 623). Түрік т. yasak «тиым» (ТурРС 914). Алтай т. дасак (йасак) «заң» закон; дасак-берим «заңнама»; дасакчы «заңды» (АлтРС 193). Тува мен хакас тіліндегі басқаша мағыналардағы чазак формасы осымен байланыстылығы әзірге белгісіз: Тува т. чазак «өкімет, үкімет, билік»; совет чазак «Кеңес үкіметі»; чазак төлээзи «үкімет мүшелері» (ТувРС 509); хакас т. чазағ «наряд, убор, украшение» (ХРС 306). Моңғол тілдерінде «билік» мағынасында кең таралған: Моңғол т. йасағ (жасағ, засағ, цасағ) ; халқа т., бурят т. засаг , дағай т.. джасаг «билік, саяси құрылым, өкімет»; қалмақ т.. засг (ист.) «билеуші; басшы, би»; халқа т. (ист.) засак «билеуші»; манжұр т. жaсaқ «сол мағ.» (ЭСМЯ II 64). Ясак сөзінің орыс тіліне кіргені белгілі: Ясак (арх.) «подать, дань, которой облагались в Московской Руси и царской России инородцы»; ясачьникъ «сборщик ясака»; ясачный «сборщик или ясичник» (Шипова 1976: 441). Ясак «подать натурой» сөзінің тюркизм екенін Фасмер де Радлов, Миклошич, Корш, Рясянен сынды ғалымдардың тұжырымды мысалдары негізінде де анықтайды (ЭСРЯ (Фасмер) IV 564). Дмитриев моңғолша йасағ сөзі алдымен Алтынорда дәуірінде түркілерге «бұйрық; заң; салық» мағынасында кіріп, одан кейін татарлардан орыс тіліне кірген деп тұжырымдайды (Дмитриев 1958: 38). Жафероғлу да бұл сөзді Алтынорда мемлекетінде өзге елдерден алынған салық деп анықтап, орыс князьдігінің Алтынордаға төлеген
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==