Каржы сауда лексикасы соңғы

267 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Көне түркіде берімге ұқсас birgü термині «берілген нәрсе, қарыз, сыйлық» деген мағынада дамыған. Бұл сөз көне түркіше bir- «беру» етістігінен +gU жалғауымен түзіліп шыққан. Тарихы (анықталған ең ежелгі түркі деректері мен басқа мысалдар): Көне түркі ескерткіштерінде: биргү «ақшалай сый, ақы» (Көне ұйғыр жазулы мұрасы Жақсы және жаман ханзада дастанында (1000 жылдан бұрынғы): Birgü bulmatın koltğuçılar yığlayu barsar «ақшалай сый алмағанда, қайыршылар жылай бастайды». Divan-i Lugatit-Türk ескерткішінде (1073) биргү «қарыз»: Аnıŋ maŋa bir at birgüsi bār «Оның маған бір жылқы берешегі бар ( https://www.nisanyansozluk.com/kelime/vergi). Жасақ «салық, алым; жарғы, бұйрық, қаулы; жасақ, қарулы әскер, қол». Қазақ тілінде «жеңілген елден заттай алынатын алым-cалық; қарулы әскер, қол» (ҚТТС 276) мағынасындағы сөз ең алғаш көне ұйғыр жазулы ескерткіштерде қолданылған. Орта ғасыр жазба жәдігерлерінен тек шағатайшада кең таралған. Қарахан, Мәмлүк қыпшақ мұраларында (бірақ Алтынорда қыпшақтарында бар) кездеспеуі назар аудартады: Көне ұйғыр жазулы ескерткіштерінде йасақ «салық түрі; заң, құқық, жарғы»; йаса «заң, бұйрық» (EUTS 289). Шағатай жазба мұраларында ясак «салық; қаулы; бұйрық; жарғы, заңдар жинағы; жаза» (Радлов III 216). Ясак «татар (түркі) моңғол жарлықтары, заң негіздері» (Çagatay- Osmanisches Wörterbuch 1902: 74) Қазіргі түркі тілдерінен «салық» мағынасында батыс қыпшақ (татар, башқұрт, ноғай, құмық, қарашай-балқар) тілдерінде ғана қолданылады. Қырғыз бен қазақшада «жасақ, қол» мәнінде жұмсалса, түрік тілінде «тиым», өзбек және алтай тілдерінде «заң» мағынасында айтылады. Негізінен қыпшақ тілдерінде таралған. Оғызшадан тек түрік, ал қарлұқшадан тек өзбек тілінде архаизм болып сақталған: Татар т. ясак «салық, алым, алым-салық»: ясак түләүчеләр «салық төлеушілер»; ясаклы «салықпен, салықты» (ТатРС 1195); башқұрт

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==