Каржы сауда лексикасы соңғы

266 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ алымдаш «требование возврата денег»; алымду 1) имеющий долг; алымду кижи имеющий долг человек; 2) имеющий обязательство; Бис кемге де алымду эмес «Мы никому не обязаны», ол меге алымду «он мой должник». Башқұрт т. алым «пара» (БРС 29); қарайым т. алым: алым-сатым (КРПС 66); қарашай-балқар т. алым «төлем, жиналған ақша»: алым- берим «алыпсату, айырбас»; алымчы «тойда ақша жинаушы» (КБРС 56). Гагауз т. алым/алыш «сатып алу; пара» (ГРМС 44). Сары ұйғыр т. алым «қарыз» (Малов 1957: 15). Түрікмен т. алым / алмыт «пара» (ТРС 42). Алыш «көне түркі тілінде салық түрі» (Caferoğlu 1968:11). Екеуі де алу әрекетінен туындаған салықтық терминдер, тек алыш – көне, ал алым – кеңірек таралған, қазіргі қазақ тілінде және көптеген түркі тілдерінде қолданыстағы салық/төлем ұғымын білдіреді. Алым түркі тілдерінде жиі кездескенмен алыш нұсқасы ертеде қолданылып, қазіргі күні кездесе бермейді. Баж «Мемлекеттер аралығындағы экспорт үшін алынатын ақшалай салық»: Сіз – бір сұңқар шаһбаз / Жер жүзінен алған баж . Біздей ғаріп есепсіз / Есігінде жүр мұхтаж (Абай 1977: 137). Түркі тілдеріндегі баламалары: Өзбекше boj ; қырғыз т. бажы ; әзербайжан т. rüsum ; түрікшеде gümrük vergisi. Берім «ауызбастырық, пара» (ҚТТС 127). Берім (Жамб., Қорд.) «беру, ұсыну»: Еріткен май миманға берімге жақсы (Жамб., Қорд.) (ҚТАС 141). Әдеби тілде берім сөзі жеке қолданылмаса да алым-берім қос сөзінде айтылады. Қырғыз тілінде де солай алым-берим қос сөзі болып жұмсалады. Түрік тіліндегі «салық» мағынасындағы актив термин vergi сөзі осы секілді бер етістігінен жасалған. Ал verim (verimli) сөзі «өнім, шыққан нәтиже» cемасында тіркелген.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==