Каржы сауда лексикасы соңғы

265 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Алым (Жезқ., Ағад.; Қост.: Жітіқ.) «аласы, алатын нәрсе». Құдайдан алған алымыңыз бар ма? (Жезқ., Ағад.). Алым ақшасын сұрап ауылнай бір жағынан дігірлейді (Б.Майл., Шығ., III, 30) (ҚТАС 58). Қырғызша алым «салық» (тарихи сөз); қырғыз тілінде алық формасы да қолданылады: алық ал «салық алу»; алық-алмандар «алым-салық» (КРС 53); қарақалпақ т. алым «ист. салық»; алым- берим, алым-салым; алым-салық (КкРС 40); қырым татар т. алым «салық» (КТРС 331); татар т. алым : алым-салым «салық» (ТатРС 42). Түрік т. алым «сатып алу»; алымсатым «алыпсату»; алымжы «салық жинаушы»; алымса «пара» (ТурРС 46). Хақас т. алым «борыш, қарыз, аласы»; алымнығ «қарыздар, қарызы бар» (ХРС 25); ұйғ. алым «аласыны алу» (Малов 1957: 15). Ертедегі түркі тілі сөздіктерінде алым «борыш, кіріс» (ДТС 35). Алым-берім «ауыс-түйіс мал дүние» (ҚТТС 44). Алым-салық «жұртшылыққа салынатын салықтардың тұтас жиынтығы (ҚТТС 44). Көне түркі тілінде алым сөзі қарыз мағынасында қолданылса, алымчы және алымлығ термині «қарызын алушы, аларман, алажақ» (ДТС 37) дегенді білдірген. Сондай-ақ алыш формасы «қарызды алу және алым, салық» семасында тіркелген. Алымчы сөзі Диуани лұғатит түркте мақалда кездеседі: Аlımçı arslan birimçi sıçgan «Біреуден алымы бар – арыстан, берімі бар (берермен) – тышқан» (Ercilasun ve Akkoyunlu 2015:35). Құтты білікте алым формасы осы мысалда жазылған: Bu tegme biri asgı yası telim Kayusı birim teg kayusı alım «Бұлардың пайда мен зияны көп, кейбірі берермен енді бірі аларман (қарыз)» (Arat 1959:33). Төмендегі тілдерде алым сөзі «салық» мағынасында емес: Алтай т. алым «долг; алымга алар брать в долг; алымга кирер задолжать; 2) обязательство; алымду болор иметь обязательство; алымда - требовать вернуть (долг); тöлÿзин алымдаар «требовать вернуть долг», алымдат- «заставлять требовать вернуть»; адазы уулын тӧлӱлерин алымдадат отец заставляет сына требовать вернуть долги»; алымдаш- «вместе требовать вернуть»; эмеген-ӧбӧгӧн тӧлӱзин эмдиге алымдашканча «муж с женой до сих пор требуют вернуть свой долг», алымдаш требование возврата (дол-га); акча

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==