Каржы сауда лексикасы соңғы
264 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «АЛЫМ-САЛЫҚ» МАҒЫНАСЫНДАҒЫ СӨЗДЕРДІҢ ТҮП-ТӨРКІНІ Албан «көнедегі салық түрі». Көне ұйғыр жазулы мұраларында албан «қызметпен өтелетін салық түрі; тәуелділіктен төленетін салық»; албан-йасақ (қос сөз) (EUTS 10, ДТС 37). Қазіргі түркі тілдерінде кең таралмаған: Қырғыз т. алман «салық» (КРС 52). Ұйғыр т. алван «салық»; алванчи «салықшы»; алван йасақ «айыппұл, төленетін сома, салық» (YUTS 11). Алтай т. албан «ист. салық», албанчы «салықшы» (АРС 56); хакас т. албан «салық» (ХРС 22). Тува т. албан «служба; ист. дань; повинность; естественные надобности; рабочий; казенный; обязательно, необходимо, должно (ТувРС 52 ). Cібір түркілерінде осы албан сөзінен албаты деген қолданыс шыққан «бұқара халық» мағынасын білдіреді, ол «салық төлеуші жұрт» дейтін семадан келсе керек. Оны моңғол тіліндегі сөзбен байланыстыруға болады: «Алба(н) сөзінің монғол тіліндегі көне бір мағынасы «повинность, натуральная или денежная» (МРС 29) (Сыздық 2009: 75). Алық-берік (Жамб., Шу; Сем., Аяг.) «алыс-беріс». Бізбен алық-берігі бар жігіт еді (Жамб., Шу). Қазақы, алық-беріктерге зауқы жоқ, еті тірі, қолы шебер жігіт (Ғ. Мүст., Дау. кейін, 27). Ертедегі түркі сөздіктерінде алғы-берги «алыс-беріс есебі» (А. Бор. Бадаи..., 70), алум-берум бересі «салық төлеу» (С. Мал., ПДП, 357), алым-берім «борышпен есеп айырысу» (ДТС 35). Aлым (көне) 1. халықтан алынатын салық; ауысп.: «біреуге беретін бұқпантай ақы, пара» (ҚТТС 44). Алым (Қост.: Семиоз., Тар.) «пара». Алым бермей тамағына, Қарар ма ол сенің әліңе (Қост., Тар.) (ҚТАС 58)
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==