Каржы сауда лексикасы соңғы
263 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «Ығын-шығын» қос сөзі қазақ тілінде «жұмсалған қаражат, шығындалған нәрсе, кетім» мағынасында қолданылады. Мұнда шығын сөзімен мағыналас ығын компоненті де «жоғалту, кетім» семасын білдіреді. Екеуінің тіркесуі мағынаны күшейтеді, яғни ұсақ-түйек кетімдерден бастап жалпы шығынның барлығы деген ұғымды береді. Семантикалық тұрғыдан алғанда, шығу етістігінен тараған шығын, шығасы, шығыс, шығым, шықтасы, ығын-шығын сияқты сөздердің барлығы шығып кету, азаю, кетім деген ортақ түбір мағынаға негізделген.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==