Каржы сауда лексикасы соңғы

262 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қазақ тілінде кіріс «түсім, табыс» болса, ал шығыс «жұмсалған ақша, шығын, расход» мағынасында қолданылады. Түркі тілдерінде де дәл осы жүйе бар: қырғызша киреше – чыгым , өзбекше kirim – chiqim , татарша керем – чыгым , башқұртша керем – сығым , қарақалпақша кирис – шығыс , түрікменше girdeji – çykyn , түрікше gelir – gider , әзербайжанша gəlir – xərc немесе məsrəf . Шығасы «шығатын шығын, зиян». Шығасылы «шығынды, шығыны көп». Шығасысыз «Шығынсыз» (ҚТТС 930). Сөз түбірі шық - (шығу етістігі), оған көне есімше тудырушы - асы есім тудырушы ( келесі, бересі, аласы секілді) жұрнағы жалғанған Бастапқы мағынасы «шығатын, кететін» одан барып, ақша, мал, мүлік т.б. шығысына қатысты экономикалық, тұрмыстық мәнге ауысқан. Шығасы болмай, кіресі болмайды мақалында айтылады. Шығасы шықпай, кіресі кірмейді немесе Шығасыға иесі басшы деп те айтылады. Шығыс пен шығасының екі бөлек мағынадағы терминдер болып қолданысқа кіре бастағаны байқалады: «Жаңадан сөз жасау, халыққа жылдам сіңіп кететіндей балама табу талпыныстары көп болды. Мысалы, шығасы деген сөзді бұрын көп қолданбайтын, «расход, затраты, издержки» дегеннің бәрін шығын деп аударып келді. Бірақ, оны салалық тұрғысынан қарап, экономикалық мазмұнына қарай, расход – шығыс, издержки – шығасы дедік. Бұл қолданыстан шығып қалған көптеген сөздерді жаңғыртудың дәлелі» (Термин мәселесінің түйткілдері, https://aqiqat. kazgazeta.kz/news/7040). Шықтасы (Атыр., Есб.) «шығасы, шығын»: Шықтасы нәрсе шықпай қоймайды, жазымышта солай болса, ғамалың жоқ (Атыр., Есб.) (ҚТАС 772). Шықтасы – қазақ тіліндегі шығасы, шығын, шығыс терминдерінің Батыс говорындағы нұсқасы. Ығын-шығын «Бір нәрсеге жұмсалған қаржы, қаражат» (ҚТТС 940).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==