Каржы сауда лексикасы соңғы

261 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Түрікше çıkım «егістіктегі жол, соқпақ, белдеу» дегенді білдіреді, ал қазақша шығым – «өнім, түсім, табыс» мағынасында. Екі сөздің түбірі бір (шығ-/çık-), бірақ мағыналық дамуы әр түрлі. Қырғыз бен татар тілінде чыгым , өзбекше chiqim да өзгеше яғни «шығын» мағынасында дамыған. Шығын «Зиян, ысырап; шығасы; көне: салық, төлем». Шығындау «Жұмсау, шашу, ысырап қылу». Шығындану «Шығынға бату, зиян тарту. Шығындау «шығынға ұшырау». Шығынсыз «зиянсыз» (ҚТТС 931). Шығын сөзі көне түркі түбірлі, толықтай төл қазақ сөзі. Мағынасы бастапқыда «шығару, кету» болса, уақыт өте келе «кеткен нәрсе → жоғалту → зиян, ысырап, қаржының шығыны» мағынасын алған. Түркі тілдерінде «шығын, жұмсалған нәрсе, кететін ақша, шығасы» мағыналарында осымен төркіндес және ұқсас қолданыстар тараған: Қырғыз тілінде чыгым Өзбек тілінде chiqim. Татар тілінде чыгым. Башқұрт тілінде сығым. Қарақалпақ тілінде шығын. Түрікмен тілінде çykyn немесе sarplama. Түрік тілінде gider (семантикалық жағынан жақын, сөзбе-сөз: «кетер»). Шығын сөзі секілді сол мағынада бірақ, басқа жұрнақтармен жасалған сөздер бар: Шығыс (Маң., Маңғ.) «шығын»: Бас малшының отарынан осы бір айдың өзінде 5 бас тоқты шығыс болды (Маң., Маңғ.) (ҚТАС 771). «Шығыс» сөзі Аймақтық сөздікте көрсетілсе де қазақ тілінде орысша «расход» орнына қолданыла бастаған әдеби тілдегі белсенді терминдердің бірі. Ол сөз экономика, бухгалтерия, қаржы саласында термин ретінде әбден орныққан. Мысалы: кіріс және шығыс, шығыс сметасы, т.б.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==