Каржы сауда лексикасы соңғы

260 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Түбірі сауда, ол арабтың sawdāʾ (َ « )سْوداء қара нәрсе; махаббат, айырбас, мәміле» сөзінен шыққан. Бұл сөз кейін парсы тілі арқылы түркі тілдеріне енген. Қазақ тіліндегі саудагер тұлғасы осы сауда түбіріне адам атауын білдіретін өнімді «-гер» жұрнағы жалғану арқылы жасалған, Мұндағы «-гер» жұрнағы парсы тілінен енген элемент, ол қазақта кәсіп, іс иесін білдіретін өнімді тұлға ретінде орныққан. Мағынасы жағынан саудагер «тауарды сату, сатып алу ісімен кәсіби түрде айналысатын адам», яғни көпес пен алып-сатар атауларына мағыналас, бірақ, жалпы сипаттағы сөз. Түркі тілдерінде бұл сөздің баламалары бір тектес: Түрікмен т. сөвдагәр «саудагер»: Сөвдагар азса, ат билән йарағ алар «Саудагер азса қолына қару алып, атқа мінер». Өзбек тілінде болса қазақ тіліндегідей савдогар нұсқасы айтылады, қырғыз тілінде соодагер дейді. Taвығ «алыс-бeрiс, сауда». Құтты білікте: Bilig bolsa kıymet ol arsıgmasa Satıgda tavıgda neng alsıkmasa (Arat 1947: 292). Шығым «Өнім, түсім». Сөздің түбірі шық - етістігі, ол «жоғары көтерілу, пайда болу, туу, сыртқа шығу» мағынасын білдіреді. Осы түбірге «-ым» есім тудырушы жұрнағы жалғану арқылы шығым сөзі жасалған. Мағына дамуы табиғи: «шығу» → «пайда болу, береке беру» → «түсім, өнім». Семантикалықтұрғыдан, шығым сөзішаруашылық-экономикалық лексикада «жердің, малдың, кәсіптің берген өнімі, табысы» деген нақты мағынада орныққан. Осы түбірден бірқатар туынды сөздер жасалған: Шығымды «Өнімді, түсімді». Шығымдылық «Өнімділік, түсімділік». Шығымсыз «Шығымы, түсімі нашар, өнімсіз (ҚТТС 931). Түркі тілдерінде мұндай сөз болғанымен, жасалуы ұқсағанмен семантикасы бір басқа:

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==