Каржы сауда лексикасы соңғы

259 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Көне ұйғыр жазулы ескерткіштерінде сарт «саудагер; керуен»; сартавахи «керуен басы, керуеннің жетекшісі; көпестердің басшысы» (EUTS 198). Диуани лұғатит түркте сарт «көпес, саудагер, алыпсатар». Бұл ескерткіште мақалдарда да айтылады: Иш йарағында, сарт асығында «Іс ретінде, сарт пайдасында» (DLT III 13). Сарт азуқы арығ болса йолда йер «Саудагердің азығы таза болса оны өзі жолда жер» (DLT I 342). Cартның азығы арығ болса йол үзе йер «Сарттың азығы таза болса, жол үстінде жейді» (DLT I 66). Құтты білікте (үш рет қолданылған) сарт «саудагер, сатушы» (KB 2745...). Мәмлүк қыпшақ ескерткіші Аттухфатуз закияда сарт «қалалық, қала тұрғыны» (KıpTS 228). Шағатай жазбаларында сарт «көпес, Ортаазияда қалаларда тұратын түркі жұрттары» (Радлов IV 335). Қазіргі түркі тілдерінде қазақ тілінен бастап, кей түркі тілдерінде ғана қолданылады, алайда кең таралмағаны назар аудартады, мәселен қыпшақ тілдерінен тек башқұртша сөздікте ғана берілген: Башқұрт т. һарт «бір башқұрт руының аты; отырықшы өзбектерге берілген атау»: Тегенде қыр қазақтар урыстарға мал, бында һарттар үз еренән килтергән тауар алмашалар «Тегінде қыр қазақтары орыстарға мал, сарттар боса өз жерінен әкелген тауарларын тасиды екен» (БТҺ II 576). Өзбек т. сарт «көшпенділікте отырықшылыққа өткен өзбектердің кей тайпаларына берілген атау; Өзбекстанда мекен еткен қала халқына европалықтардың таққан аты» (УТИЛ II 25). Түрік тілінің диалектілерінде sart «саудагер, алыпсатар» (DS X 3548); түрікмен т. диал. сарт «сол мағ.» (ТДГДС 156). Алтай т. сарт «адамның жаманы»: Киштиң сарызы, кижиниң сарты (мақал) «Худший (букв. жёлтый) из соболей, худший из людей» (АлтРС 573); сары ұйғыр т. сарт «дұнған халқы» (Малов 1957: 100). Саудагер «Заттың тұрақты, өзіндік бағасын асырып қайта сататын сатарман, алыпсатар» (ҚТТС 716).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==