Каржы сауда лексикасы соңғы
258 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Ит қуып кететін айыр етекті сарт шапан (БС 68: 196) Сартпен сөйлессең, ала шапан байрағын айтар (БС 69: 318). Түрікпен түртпейінше, сарт санамайынша, қырғыз қинамайынша білмейді (Қайдар 2004: 510). Сарт сөзінің «саудагер» деген мәні де келесі мақалдарда сақталғанға ұқсайды: Жаман қырғыз сарт болар, жаман сарт қырғыз болар Қазақ жаманы сарт болар, сарт жаманы қазақ болар (БС 66: 191). Қазақ жаманы сарт болар, сарт жаманы порт болар (БС 68: 221) Қазақ сарт болмас, сарт қазақ болмас (БС 66: 191). Өлген сарттың қойнында наны бар (БС 65: 49). Бермесең-алмасаң сарт боларсың, көрмесең-келмесең жат боларсың (БС 65: 303). Сарт сөзі көшпенділердің отырықшыланған халықты және қала тұрғындарын сипаттау үшін пайдаланылатын сөзі ретінде пайда болған. Сарт сөзінің шығу төркіні санскритше «саартха» (EUTS 198) деген атауға байланысты туды. Ол сөз көне ұйғыр тіліне соғды тілінен шамамен 8-9-шы ғасырларда енген болса керек. Ең алғаш рет түркі тілінде көне ұйғыр жазулы мұраларда, одан кейін бұл сөз Қарахан дәуірінде жазылған Құтты білік пен Диуани лұғатит түрк атты құнды еңбектерде кездеседі, онда ол «саудагер, көпес» дегенді білдіреді. Кейінірек бұл сөз Орта Азияның иран тілдес болсын, түркі тілдес болсын, барлық отырықшы әрі саудагер мұсылмандарын да білдірген. Ежелден сауданы кәсібіне айналдырған үнді, парсы «сарттары, еврей көпестері және кейіннен оларға қосылған өзбек саудагерлері орта Азияның үлкен қалаларының барлығында дерлік өз дүкендері мен сауда-саттық базарларын ашып, іс жүргізді. Өзбектерге сарт деп кетуі олардың негізінен сол территорияда өмір сүріп, оларға әсер етіп, кейінірек өзбек халқыны басым бөлігінің солардың тұрмыс салтын қабылдауымен байланысты деп ойлаймыз. Ғасырлар бойы «сарттар» қалаларда негізгі жұмыс берушілерге айналып, мәртебелі «қожайындар» аталды деседі. Кеңестік билік «сарт» сөзі «саудагер», «алыпсатар» деген «буржуазиялық атау» ретінде түсінік бергені үшін олай атауға тыйым салды. Сонымен көне санскрит, соғды, парсыдан келген сарт сөзі көне және орта ғасырлық жәдігерлерде кездеседі:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==