Каржы сауда лексикасы соңғы

257 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Татар т. алып сату/сату-алу (ТатРС 779). Құмық т. сатыв - алыв (экон.) «алып сату» (КумРС 260); қарақал­ пақ т. сату алып-сату «алып сату» (КкРС 567); ноғай т. сатув - алув (НРС 290). Ұйғыр т. сатти-алди «сауда, алып-сату» (YUTS 342); өзбек т. олиқ-сотиқ «алып-сату»; олиб сотмоқ «алып сату» (УРС 393) Түрік т. alım satım «алып-сату» (ТурРС 754). Көне түркі тілінде сатыш-алыш «сату, алып сату» (ДТС 521). Сарт көне «саудагер, көпес, бақалшы; ұйғыр, өзбек, тәжік секілді саудамен айналысатын қала жұрты» (ҚТТС 711). Сарт сөзі қазақ әдебиетінде жиі қолданылатын сөздердің бірі және көбіне оңтүстіктегі көрші саудагер, отырықшы халықтардың екінші балама аты ретінде қолданылады, мәселен Абайдың екінші қара сөзі мен өлеңінде сол мағына аңғарылады: Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді: «енеңді ұрайын кен қолтық, шүлдіреген тәжік, арқадан, үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт- сұрт» деген осы деп (2-қара сөз). Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың? Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, Аузымен орақ орған өңкей қыртың (Абай 1961: 78). Радлов қазақтар сарт деп «Орта Азиядағы қалаларда тұратын бүкіл халықтарды» атаған (Радлов IV 335) деп көрсеткені, жоғарыдағы пікірімізді растайды. Қазақ мақал-мәтелдерінде сарт сөзі cонымен бірге саудагер өзбек халқын сипаттау үшін жұмсалады: Есітпеген елде көп, есек мінген сартта көп (БС 66: 191). Қазақ байыса қатын алар, сарт байыса там соғар (БС 65: 43). Сарт садағам, өзбек – өз ағам (Абай 1961: 493). Қазақтың мінгенін ал, сарттың кигенін ал (БС 66: 191). Қазақ, қырғыз бір туған, сарт шіркінді кім туған (Keйкін 2002: 29). Ағайын қорлығынан жат қорлығы, жат қорлығынан сарт қорлығы (БС 68: 12).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==