Каржы сауда лексикасы соңғы

256 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қазіргі түркі тілдерінде де ұқсас тұлғалар бар: Кырғызша көтермөчү, татарша күтәрмәче, башқұртша көтәрмәссе, өзбекше ulgurji savdogar (тура аудармасы «көтерме саудагер»), түрікше toptancı (көтерме саудамен айналысушы). Алып-сатар «дайын өнімдерді сатып алып, қайта қымбатқа сатумен шұғылданатын саудагер адам» (ҚТТС 44). Термин – екі төл түркі түбірінен, алу және сату етістіктерінен құралған күрделі туынды атау. Мұнда алып - компоненті қимылдың басталуын, иемдену актісін білдірсе, сатар бөлігі сол затты қайта айналымға түсіру, өткізу әрекетін көрсетеді. Екі түбірдің дефис арқылы тіркесуі тұрақты бірлікті қалыптастырып, кәсіп иесінің атауына айналған. Морфологиялық құрылымы тұрғысынан алып-сатар түркі тілдеріне тән аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөз. Семантикалық тұрғыда бұл атау саудалық делдалдық, спекуляция, жекеше пайда табу ұғымдарымен ұштасады. Қазақ тілінде алып- сатар көбіне ұсақ саудагерді, тауарды арзан алып, қымбатқа өткізетін делдалды білдіреді. Этимологиялық тұрғыдан сөз түгелдей түркі текті, яғни кірме емес төл сөз. Оның құрылымдық және семантикалық моделі басқа түркі тілдерінде де дерлік сақталған: Қырғыз т. алыпсатар «алып-сатар» (КРС 54). Қарақалпақ т. алып-сатар «алып-сатар, спекулянт» (КкРС 567). Татар т. алып-сатар «алып-сатар, спекулянт» (ТатРС 42). Башқұрт тілінде алыпһатар «алып-сатар»; Өзбек т. олибсотар (УРС 313). Түрікмен тілінде alyp-satyr «алып-сатар»; Әзербайжан тілінде alverçi мағынасы жағынан жақын балама; Түрік тілінде alsatçı тура мағынада «алып-сатар адам» деп қолданылады. Бұл деректер алып-сатар сөзінің жалпы түркілік құрылымда туған төл сөз екенін көрсетеді. Яғни, ол сыртқы кірме емес, түркі тілдерінің өз ішкі сөзжасам жүйесі негізінде жасалған атау саналады. Алып сату «арзан бағамен алып кісінің өзіне тиімді бағада сатуы».

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==